Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек ресми білім беруді ғана емес, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелері мен танылған біліктіліктерді де қамтиды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. ҰБШ – еңбек нарығының барлық қатысушыларына арналған: мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, салалық қауымдастықтарға, кәсіподақтарға, білім беру ұйымдары мен азаматтардың өздеріне. ҰБШ – біліктілік салалық шеңберлері мен кәсіби стандарттарын әзірлеуге арналған негізгі құрал. Ол біліктіліктерді тану жүйесін реттеуге мүмкіндік беріп, кәсіби әрі мансаптық өсудің алғышарттарын жасайды. Бұрынғы нұсқа көбіне ресми білім беру деңгейлеріне сүйеніп, оқытудың басқа түрлерін ескермеген еді.…
Автор: un_admin
Бүгін Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ҚР спорт қайраткері Аманбек Досмайыловты еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туылған жастар арасында халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Халықаралық турнирдің ашылу салтанатына спорт саласының ардагері Ким Юрий Федорович және Еңбек ардагері Келдібай Бектұрғанов спорт қайраткері Аманбек Досмайыловтың қазақ боксын дамыту жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтіп, бүгінгі додада жас спортшылардың жеңіске жетуіне сенім білдірді. –ҚР спорт қайраткері Аманбек Рахметұлы Досмайылов – талай талантты тәрбиелеген спорт қайраткері. Қазақ боксын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың ізбасарлары бүгінде жаһандық жарыстарда кәсіби шеберліктерін танытып келеді. Бүгінгі бәсекеде де спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз, — деді…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленіп, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді. Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша, оның ішінде ЖИ енгізу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызеті. «Бүгінгі таңда біз жасанды интеллектіні Random Forest Classifier моделінің көмегімен «оқытып» жатырмыз. Бұл – тағайындау кезінде шешім қабылдауға әсер ететін көптеген факторларды біріктіру арқылы неғұрлым дәл және тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Осылайша, АӘК алуға құқығы бар адамдар автоматты түрде анықталатын болады. Қазіргі уақытта модель кешенді валидациядан өтті, дәлдік деңгейі 90%-дан асты, бұл оның енгізуге дайын екенін көрсетеді», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас…
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады. Енді кейбір қызметтер жеке және заңды тұлғалардың тарапынан қосымша өтініштердің қажеттілігінсіз автоматты түрде ұсынылатын болады. Жобаны іске асыру «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінің базасында өтеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйелерді қауіпсіз интеграциялау; дербес деректерді сенімді қорғау; азаматтар үшін ыңғайлы және артық қадамдарсыз проактивті форматта қызмет көрсету қарастырылған. Бұдан басқа, келесі жылдан бастап бірқатар қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қағазсыз форматта жүзеге асырылады. Атап…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда. Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды. Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады. Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға…
Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы…
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефпен, Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға әзір екенін көрсетеді. Президент еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты. Олардың арасында иудаизмнің орны ерекше. Ал еврей ұйымдары қоғамның ажырамас бөлігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға және нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары адамзатқа ортақ құндылықтарды ілгерілету жолындағы дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.
16 қыркүйек күні облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Шара Отбасы орталығында ұйымдастырылып, өңіріміздің білім саласының ардагерлері мен қадірменді қонақтар бас қосты. Мерекелік кештің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі отбасыларды ұлықтап, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, ұстаздар әулетінің ұлағатты өмір жолын насихаттау. Кеш басталар алдында ғимараттың кіреберісіне қызыл жол төселіп, ардагерлер мен қонақтар той иелерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Әсем әуен әуелеп, зал мерекеге сай безендірілді. Салтанатты шараның шымылдығын жүргізуші Ғалым Башарұлы ашып, отбасы – қоғамның берік негізі, ұрпақ сабақтастығының алтын діңгегі екенін атап өтті. Бұл күні зал…