Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Жаңалықтар

Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

13.06.2025237 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларды талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кеңесте көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол саласында жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Достық – Мойынты» учаскесіндегі (836 км) екінші жол, Алматы стансасының айналма жолы (75 км), «Дарбаза – Мақтаарал» темір жолы (152 км), «Қызылжар – Мойынты» және «Бақты – Аягөз» (272 км) бағыттарындағы жобалар қолға алынған.

Сонымен қатар жұмыс теміржол желісінің жекелеген учаскелерін қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін жалпы 11 мың шақырым темір жолды жөндеуден өткізу жоспарланса, биыл жалпы сомасы 177 млрд теңгеге 1 480 шақырым жол жаңғыртылады. Сонымен қатар 2025 жылы аяқталатын 125 вокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі.

«Автожол құрылысы саласында биыл 13 мың шақырымға жұмыс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 2,2 мың шақырымы – реконструкциялау бойынша жобалар, 6,6 мың шақырымы – жөндеу, сондай-ақ 4,2 мың шақырымы – жергілікті желіні жөндеу жұмыстары. Қазіргі уақытта 9 мың шақырым жол жаңғыртылуда. Ұзындығы 1 083 шақырымды құрайтын ауыспалы жобаларды реконструкциялау жалғасуда, оның ішінде жыл соңына дейін 847 шақырым жол жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жаңа жобалар қатарында «Орталық – Батыс» күре жолының құрылысы бар, ол Астанадан Ақтау порты бағытындағы транзиттік бағыттардың қашықтығын 889 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 км), «Қарағанды – Жезқазған» (572 км) учаскелері бойынша жұмыстар басталды», делінген хабарламада.

Жиын барысында Премьер-министр жол жұмыстарының сапасы мәселесін көтерді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев автоматтандырылған өлшеу жүйелерінің (АӨЖ) жұмысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта республикалық жолдарда осындай 27 кешен жұмыс істейді, 2025 жылға тағы 25 АӨЖ орнату жоспарланған, 2026 жылы олардың жалпы саны 126 бірлікке дейін жеткізіледі. Арнайы датчиктер көмегімен автоматтандырылған өлшеу жүйелері  шамадан тыс жүктемені анықтау және жол жамылғысының бұзылуын болдырмау үшін көлік құралдарының өлшемдері туралы ақпаратты жедел түрде жібереді.

«Авиация саласында Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде үш жаңа әуежай  салу, сондай-ақ Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылуда. Павлодар және Балқаш әуе айлақтарында инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр. Су көлігі саласында Ақтау портын тереңдету жұмыстарын бастау осы жылдың шілде айында жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылы сауда флотын дамыту аясында 8 бірлік кеме, оның ішінде 6 құрғақ жүк кемесі және 2 паром сатып алынады», делінген хабарламада.

Премьер-министр жоспарланған барлық жобаны кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Көлік саласы соңғы 5 айда 24% өсімді көрсетті. Көлік энергетикалық және басқа инфрақұрылыммен бірге кез келген экономикалық дамудың негізі саналады. Неліктен Президент пен Үкімет бұл мәселемен айналысуда: егер біз қазір инвестиция салмасақ, онда ұзақмерзімді экономикалық өсу болмайды. Біз барлық қажетті ресурстарды бөлеміз. Барлық салалық құрылымдардың міндеті – аталған қаражатты мақсатсыз пайдаланбай және барлық нысандарды уақытында тапсыру. Барлық нысан осы жылдың Экономикалық өсу жоспарына енгізілген. Бұл қысқамерзімді нәтижеге қатысты және тұтастай алғанда – бұл алдағы 10 жылдағы тұрақты экономикалық өсудің негізі», деді Олжас Бектенов.

Жиын соңында Көлік министрлігіне, «Самұрық-Қазына» қорына және өзге де жауапты ұйымдарға бірқатар тапсырма берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025558 Views

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025225 Views

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025271 Views
Соңғы жаңалықтар

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

17.11.2025

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

17.11.2025

Премьер-министр Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

17.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.