Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, академик, жерлесіміз, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев пен «Саутс Ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жаңа ғимаратта өнерлі жастар тәрбиелене беруіне тілек білдірді. Аймақ басшысы өнер қайраткерлерінің лайықты ізін жалғайтын өнер ордасының Сыр мәдениетінің қарашаңырағына айналғанын атап өтті. «Елу жылға жуық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда…
Автор: un_admin
Бүгін 1- маусым балаларды қорғау күні қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев арнайы қатысты. Рәсімде Премьер-министрдің орынбасары Ермек Беделбайұлы алғы сөз сөйледі. Аймақ басшысы жиналған қауымды Балалар күнімен және мәдени-демалыс паркінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуымен құттықтады. “Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау — мемлекетіміздің басты міндеті», — деген болатын.…
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…
Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда. Жалпы 476,4 мың гектар жерге зерттеу жүргізілді, оның ішінде Арал ауданында – 129,5 мың гектар. 17,056 мың гектар алқап өңделді, оның ішінде Арал ауданында – 15,3 мың гектар. Жұмысқа ұшақтар, дрондар және басқа да арнайы техника тартылған.
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында еліміздің жас буынына патриоттық тәрбие беруді көздейтін экскурсиялар өз мәресіне жетті. Бұл шараның басты мақсаты – жастарға Қазақстанның әскери тарихын тереңірек таныстыру, Отан қорғаушылардың ерліктері мен қаһармандық жолдарын насихаттау болды. Экскурсиялар “Мәңгілік даңқ” мұражайында өтті. Экскурсия барысында студенттер түрлі тарихи кезеңдерді қамтитын жәдігерлермен танысты. Музей залдары Ұлы Отан соғысынан бастап, Ауған соғысына дейінгі кезеңдерді қамтып, әр дәуірдің батырлары мен олардың ерлік жолдарына арналған деректермен, құжаттармен, қару-жарақ үлгілерімен толықтырылып безендірілген. Сонымен қатар, тыңдаушылар еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы Қарулы Күштерінің дамуы туралы да мәліметтер алды. Музей қызметкерлері студенттерге әрбір зал мен ондағы көне…
Кремль Германия канцлері Фридрих Мерцтің Украинаға қару жеткізуге қатысты мәлімдемесіне жауап қатты. Бұған дейін Мерц Киевке сапары кезінде Германия Украинамен бірге алыс қашықтықтағы зымырандарды бірлесіп шығарып, оларды қолдануға ешқандай шектеу қоймайтынын айтқан болатын. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады. Жақын күндері тиісті келісімге қол қойылуы мүмкін. Украина президенті Владимир Зеленский де Германиямен бірлескен өндірісті құру бойынша келіссөз жүріп жатқанын растады. Аталған мәлімдемеге байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз пікірін білдіріп, Германия мен Францияның «соғысты одан әрі ушықтыру ісіне» түскенін атап өтті: «Бұның бәрі бейбіт келіссөздерге кедергі келтіреді. Осындай арандатушы әрекеттерге қарамастан, біз бейбіт реттеу процесі жалғасып, екінші раунд келіссөздері…
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторында ХАМАС ұйымының негізгі басшыларының бірі — Мұхаммед Синвардың жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Кнессетте сөйлеген сөзінде айтты. «Біз ХАМАС-тың басқарушы құрылымын жою жолындағы бетбұрыс кезеңге жеттік. Біз Мұхаммед Синварды жойдық», — деді Нетаньяху. Синвар ХАМАС-тың Газа секторындағы жетекшісі және оның әскери қанаты — «Иззеддин әл-Кассам бригадаларын» басқарған. Израиль тарабының мәліметінше, 13 мамыр күні Израиль қорғаныс армиясы Хан-Юнисте орналасқан Еуропалық аурухананың астындағы жерасты командалық бекетке соққы жасаған. Нысана ретінде дәл осы Синвар таңдалған. Бұл операция Израильдің ХАМАС пен «Хезболла» қозғалысына қарсы бағытталған кең ауқымды әскери стратегиясының жалғасы саналады. Былтыр, 27 қыркүйекте Израиль әскері Бейрутқа жасаған…
Былтыр шілде айында жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Хамиттің қазасы қоғам арасында резонанс тудырды. Анасы Гүлстан Хамит қызының өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Пәтерде бірге болған екі қызды кінәлайды. Полиция бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») тергеп жатыр. Қасында болған екі қыз қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесін алған. Алайда әлеуметтік желіде таралған видеолар жұрт арасында күмәнді күшейтіп жіберді. Анасы бірнеше рет қызының азапталып көз жұмғанын мәлімдеді. Екі қыздың бірі сұхбат берді, адвокаты мәлімдеме жасап, БАҚ беттерінде марқұмның бұған дейін де суицид жасамақшы болды деген видеосын жариялады. Осы оқиғаға байланысты Ақнәрдің анасы Jas Alash Youtube арнасына сұхбат берді. Өз…
Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіндегі арнайы мемлекеттік кеңесші және Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 28 мамыр күні кешке X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды. — Бюрократиямен күрес миссиясы аяқталды, — деп жазды Маск қысқаша қоштасу сөзінде. Илон Маск Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғанда арнайы құрылған DOGE департаментін басқарған болатын. Бұл құрылым мемлекеттік аппаратты реформалауға және федералды бюджетті үнемдеуге бағытталған. Ақ үй Маскқа федералды мекемелердегі шығындарды қысқарту, тиімсіз құрылымдарды тарату сияқты маңызды міндеттер жүктеген. DOGE мәліметіне сәйкес, Маск басшылық еткен кезеңде АҚШ үкіметі 130 миллиард доллар үнемдеген. Сонымен қатар 260 мыңға жуық…
Сотта Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың видеодәлелдер көрсетілді. Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Сот отырысында Шерзаттың отбасы тарапынан адвокат “Land Cruiser” көлігінің бейнетіркегішінен алынған видеоны ұсынды. Бұл көлікте кейбір айыпталушылар отырған. Бейнежазбада ер адамдардың дауыстары естіледі — олар күліп, балағат сөздер айтады, кейін басқа көлікке жақындайды. Сол жерде ауызша жанжал басталады, артынан екі көлік бір бағытқа қарай жүріп кетеді. Көлік ішінде айыпталушылармен бірге қыздар да болған. Бұл — трагедиядан кейін бірден көліктегі видеорегистраторға жазылған жазбалар. Видеода айыпталушылар — Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясовтың, сондай-ақ куәгерлер — Дана Жақсыгельді мен Эльмира Нұрбекованың дауыстары анық естіледі. Бейнежазбада бейәдеп…