Израиль әскері Газадағы ең ірі қалаға шабуыл жасауға дайындалып, бейбіт тұрғындарға үйлерін тастап шығуды талап етті. Халықаралық қауымдастық болса, бұл жағдайдың гуманитарлық апатқа ұласу қаупі бар екенін ескерткен. Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сейсенбі күні, 9 қыркүйекте, Газада тұратын халыққа арнап жедел эвакуация туралы үндеу жариялады. Әскерилердің дерегінше, қалада шамамен 1 миллион палестиналық бар. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху алдағы құрлық операциясына дайындықты жариялап: «Сіздерге ескертілді – қазір кетіңіздер», – деп мәлімдеді. Ол Газа қаласын ХАМАС қозғалысының соңғы тірегі деп атады. Өткен демалыс күндері ЦАХАЛ тұрғындарға анклавтың оңтүстігіндегі «қауіпсіз аймаққа» көшуге кеңес беріп, онда азық-түлік, медициналық көмек пен уақытша баспана қамтамасыз етілетінін жеткізген. Алайда…
Автор: un_admin
Фото: ашық дереккөз Башар Асад билігі құлағанымен, Германиядағы сириялық босқындардың басым бөлігі әлі де елге қайтқан жоқ. Қазіргі таңда Германияда 955 мыңға жуық сириялық тұрады, ал биылғы сегіз айдың ішінде тек 1867 адам ғана отанына оралған. Оның үстіне ондаған мың сириялық Германия азаматтығын алып үлгерген. Сарапшылардың айтуынша, Сириядағы жағдай әлі де ауыр: инфрақұрылым қираған, банк жүйесі жұмыс істемейді, қауіпсіздікке кепілдік жоқ. Христиан-демократиялық одақ (ХДС) партиясы босқындарды елге қайтару үдерісін жеделдетуді талап етті. – Германияда қалуға жасалған экономикалық жағдайлар Сирияны қалпына келтіруге үлес қосуға деген ынтадан артық болмауы тиіс. Дегенмен, біз жергілікті ахуалды тұрақтандыруға, қайта құруға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлесіп…
Фото: ашық дереккөз Непал премьер-министрі Шарма Оли елдегі жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктердің салдарынан отставкаға кетті. Шарма Оли 2024 жылдың шілдесінен бері үкіметті басқарған еді. БАҚ дерегінше, оның ізінше оппозициялық Ұлттық-демократиялық партиясының мүшелері де өз өкілеттігін тоқтатты. Наразылықтардың өршуі Сейсенбі күні наразылыққа шыққан демонстранттар Катмандудағы үкімет кешеніне баса-көктеп кіріп, парламент ғимаратын, билеуші «Непал конгресі» партиясының орталық кеңсесін және премьер-министрдің резиденциясын өртеді. Непал армиясы үкімет мүшелерін тікұшақ арқылы эвакуациялауға мәжбүр болды. Катмандудағы халықаралық әуежай уақытша жабылып, барлық рейстер тоқтатылды. Жастар көтерілісінің себебі Дағдарыстың негізгі себебі — биліктің Meta, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты бірқатар әлеуметтік желілердің жұмысын тоқтатуы. Себебі бұл платформалар…
Фото: Роман Наумов / URA.RU / Global Look Press Ресейдің халықаралық ғылыми қауымдастықтан оқшаулануы елдің ғылыми-технологиялық даму қарқынын тежеп, кадрлардың азаюына әкеліп отыр. Ресей ғалымдары мұндай жағдай елдің инновациялық әлеуетіне тікелей қауіп төндіретінін ескертіп жатыр. РЭМ (Ресей экономикалық мектебі) ғылыми жетекшісі Рубен Ениколоповтың айтуынша, Ресей ғылымы қазіргі таңда әлемнен шамамен үш жылға артта қалған. Себебі ғылыми журналдарда жаңа зерттеулер әдетте 2-3 жыл кешігіп жарияланады, ал ең өзекті идеялар халықаралық конференцияларда талқыланады. «Сіз бүгін оқып отырған нәрсе шын мәнінде екі-үш жыл бұрын белсенді болған тақырып. Жаңа идеялар халықаралық конференцияларда талқыланады, бірақ оған қатысу қазір әлдеқайда қиын әрі қымбат», – деді Ениколопов.…
Қыркүйектің алғашқы аптасында қазақ кинематографиясының қоржыны жаңа туындымен толықты. 4 қыркүйектен бері прокатқа драма әрі фантастика жанрындағы Qaitadan фильмі шығып, туынды төңірегінде әрқилы пікірлер айтылып жатыр. Қазақ кинематографиясында соңғы жылдары тың тақырыптарға ұмтылыс барын байқап, қуанып жатырмыз. Фильм көрерменге ұсынылмай жатып-ақ «апат туралы алғашқы фильмнің» эпизодтары әлеуметтік желіні шарлап кеткен еді. Жеңіл комедиялардан жалығып, терең тақырыптармен сусындағысы келетін саналы көрермен үшін тың тақырып, жаңа бастама қызығушылық тудырса керек. Алғашқы күннен-ақ көрермен кинотеатрға ағылып, жақсылы-жаманды пікірімен әлеуметтік желілерде бөлісіп жатты. Режиссер Думан Еркімбектің Qaitadan алғашқы толықметражды фильмі екен. Фильмді біз де көріп қайттық. Хош. Фильм Рауан есімді кейіпкердің мемлекеттік емтиханнан құлап,…
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы барлық вице-министрлерді қызметінен босатты. Министрдің орынбасарлары — Шохрух Далиев, Отабек Махкамов және Сарвархон Бузрухонов қызметінен кетсе, Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі мен Инновациялық даму агенттігінің басшылары да қызметтерінен айырылды. Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың айтуынша, мектепке дейінгі және жалпы білім беру саласында өзгерістер бар, бағдарламалар іске қосылып, нақты нәтижелер көрініп отыр. Дегенмен, кәсіби және жоғары білімге жауапты тұлғалар білім саласындағы реформалардың мәнін әлі толық түсінбеген. Президенттің сыны Сейсенбі күні мектепке дейінгі және жалпы білім беру жүйесіндегі реформаларға арналған кеңесте сөйлеген Мирзиёев: «Мектепке дейінгі және орта білім беруде өзгерістер бар, бағдарламалар…
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады. Министрлік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға күш салып жатыр. Бүгінде бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге шамамен 8 теңге жеке инвестиция тартылады, ал 1,4 теңге қазынаға салық түрінде қайтарылады. АЭА іске қосылғалы бері жалпы құны 10 трлн теңгеге жуық 532 жоба жүзеге асырылса, оның 85-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асқан. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 800 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Әрбір арнайы экономикалық аймақ инвестиция, жұмыс орындары мен технология түрінде нақты қайтарым әкелуге тиіс.…
Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан жаңа тәсілдер туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін трансформациялауды жүзеге асырып жатқанын еске салды. Мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің санаттық қағидатынан мұқтаждықтың ашық және объективті критерийлеріне көшу жүзеге асырылуда. Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында пилоттық жобаның нәтижелері негізінде бүкіл ел бойынша Бірыңғай цифрлық платформаны толық көлемде енгізу басталды. «Мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге байланысты жергілікті деңгейдегі барлық бастапқы бизнес-процестер цифрландырылатын болады. Бұл бірыңғай жүйеде…
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Су саласын жаңғырту және орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді жүйелі шешу үшін министрлік 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын, су саласын дамытудың Кешенді жоспарын және жаңа Су кодексін қамтитын құқықтық және институционалдық базаны қалыптастырды. Бұл құжаттар гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандырудан бастап озық цифрлық технологияларды енгізуге дейінгі негізгі нысаналы индикаторлар мен оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды бекітеді», — деді Нұржан Нұржігітов. 2024 жылғы шілде айында білікті мамандар тапшылығын кешенді шешуге бағытталған мамандандырылған…