Автор: un_admin

2024 жылғы 19 тамызда, сағ. 10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті. Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын. Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті. Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды. Тәмен Ақжол: «Бәрінің айтатыны – Компьютер…

Read More

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Қызылорда облысында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, келесі жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қызылорда облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 10 мектепте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аймақта экологиялық акцияны ұйымдастырудың өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған қатысқан еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорындар қызметкерлері 13 мың тоннадан астам қоқыс қалдығын шығарып, скверлер мен парктерді, тарихи-мәдени ескерткіштерді, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандарын, су айдындарын,…

Read More

фото: kartin.papik.pro Алтай Айнабек климатты өзгерту технологиялары халықаралық орталығының жетекшісі,«жасанды жаңбыр жауғызу» технологиясының авторы. Қазіргі уақытта Арал өңіріне арнайы қондырғыларын орнатып, «жасанды жаңбыр жауғызу» процесімен айналысып жүр. Бұл жүйе «Clear Sky Manager New Generation» деп аталады. Алтайдың айтуынша, Аралға жасалып жатқан тәжірибе басқа өңірлерге де әсер етуі мүмкін. Біз Қазақстанда жұмыс жасаған мерзімдер 2021 қазан, 2022 наурыз, сәуір, мамыр, 2023 жыл тамыз айы. 2024 маусымнан 18 бастап жұмысты жалғастырып жатырмыз. Осы кездердің барлығына ортақ құбылыс бар. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын деңгейі көп болған. Бұл бірінші этап, — дейді Алтай Айнабек. Оның айтуынша, климат технологиялық…

Read More

Фото: Sputnik / Медина Куракова «Қазавтожол» ҰК» АҚ мәліметінше, аталған қаражат 3 мың 221 шақырым болатын ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға, оны жөндеу жұмыстарына және төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалануға жұмсалған. Компания шығындардың негізгі бөлігі қайда жұмсалатынын атады:  Учаскелерді күтіп-ұстау: ақылы автожолдардың күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары; өндірістік персоналдың еңбекақы қоры; жанар-жағармай материалдары; техникалардың қызметі; өндірістік материалдар; мердігер мекемелердің қызметі; өндіріс базасын күтіп-ұстау; басқа да жұмыстар мен қызметтер. 2. Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалану: төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстау қызметі; өндірістік персоналдың еңбекақы қоры. 3. Әкімшілік-басқару персоналына: еңбекақы қоры; басқа да тауарлар, жұмыстар, қызметтер (офисті жалға алу, іссапар шығындары,…

Read More

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызын қанағаттандырып, құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлікті қайтарды. 17 шілдеде аталмыш соттың Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта анықталғандай, нысан 551 млн теңгеге арзан бағамен заңсыз сатылған. Мектеп аумағына 7,6 мың шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттар, спорт залдары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ 4,9 гектар жер кіреді. Бұл мүлікке Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген азаматтарға тиесілі «Nomad’s Land» ЖШС иелік еткен. АЙта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Араға екі апта салып, сыбайлас…

Read More

2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген болатын. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 29,6 млрд сомаға 13 мың 384 адам банкрот деп танылса, қазір 6 мың 612 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр. Сот арқылы банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 2,6 мыңнан астам азамат жүгінген. Сот арқылы банкроттық рәсімі 200 борышкерге қатысты жүргізіліп жатыр. Ал төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге 4 адам өтініш білдірген. Заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін  3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы…

Read More

Оның сөзінше, жергілікті лицензияны алған Binance, Bybit сияқты бірнеше биржа бар. Солармен қатар, Coinbase, Kraken, OKX секілді Қазақстанға келмейтін, лицензия алмайтындары да бар. Ол екінші түрі. Үшіншісі – қазақстандық криптобиржалар. Олар өз бетінше дамығысы келетін таза қазақстандық стартаптар. Министрдің пікірінше, олардың бәрін аражігін ажыратып, әртараптандыру керек. Мәселен, олардың бірінші түрі елге келіп, инвестиция салып, лицензия алады, жергілікті кадрларды жалдайды. Университеттерде студенттерін оқытады, блокчейн мамандығын таратады. Қандай да бір алаяқтық операциялары болса, олар құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл әріптестік орнататын криптобиржалар», — деді министр. Сонымен қатар криптобиржалардың екінші түрінің Қазақстанмен шаруасы жоқ екенін айтты. Құқық қорғау органдары түрлі алаяқтық…

Read More

Аймақ басшысы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығына зерделеу жүргізілетінін ескертті. «Әкімшілік аумақтағы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығын қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде көркейту-көгалдандыру, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіңіздер. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жол бойындағы ой, шұңқыр, жол белгілерінің барлығын қарап шығып, кемшіліктер болған жағдайда шұғыл қалпына келтіріңіздер. Барлық басқарма, аумақтық департаменттер, республикалық мекемелердің облыстағы филиалдары ортақ іске жұмылдырылуы қажет. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бұған дейінгі бөлініс бойынша барлық сектордағы тазалықты қадағалап, тиісті жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етіңіздер», — деді Нұрлыбек Машбекұлы. Облыс әкімі аппаратына күнделікті зерделеуді әрі қарай жалғастырып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Read More

Нұрлыбек Машбекұлы «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығына Сыр өңіріндегі ауқымды жобалар үшін алғыс білдірді. «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Қызылорда қаласының сол жағалауынан Оқушылар сарайының құрылысын қарқынды жүргізуде. Жақын күндері ғимаратты халық игілігіне беретін боламыз. Қайырымдылық акциясына да белсенді қатысып, жыл сайын 70 млн теңгеге жуық қаржы бөліп келеді. Еліміздегі су тасқыны кезінде батыс өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті. 2022 жылы облыстағы мұнай компаниялары «Қазгермұнайдың» «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газды өндеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу туралы Энергетика министрлігімен меморандумға қол қойған болатын. Қазір құбыр құрылысының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл бастама арқылы компания өңделетін газ қорын ұлғайтуға…

Read More

Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту барысымен танысты. Сыр өңірін еліміздің орталығымен байланыстыратын күре жолдың ұзындығы – 424 шақырым. Қызылорда облысының аумағындағы 216 шақырымның 140 шақырымы осы жылы аяқталады. Жоба құны — 108,5 млрд. теңге. Бүгінде Ұлытау облысының аумағындағы сегіз учаскенің құрылысымен айналысатын төрт мердігер анықталған. Оларға биыл күзде жұмысқа кірісу міндеті қойылды. Ал Қызылорда облысындағы учаскелерде құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Оған шетелдік және жергілікті компаниялар жұмылдырылған. Бес асфальтбетон зауыты мен алты арнайы ұсақтау қондырғысы жұмыс жасайды. Аймақтағы бес учаскеде құрылыс қарқынды. Мердігерлерге 140 шақырымды биыл аяқтау міндеттелді. Бүгінде Қызылорда облысындағы жол…

Read More