Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жариялаған жаңартылған рейтингтік кесте-тізімде қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай бірінші тұрғаны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, Мөлдір Жаңбырбай – каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы (2023 жыл). Ол сонымен қоса, Азия додаларында бірнеше рет бірінші, екінші орындарды жеңіп алған.
1bol.kz ақпаратынша жуырда Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер Лигасында қола жүлде олжалаған Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта әлемдік рейтингте 5490 ұпаймен көш бастап тұр.
Әлемдік рейтингтегі (-50) келідегі ТОП-5 каратэшілер:
Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай
Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350
Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312
Наталия Варгова (Словакия) – 2732
Реем Ахмед Салама (Египет) – 2475