Ақтөбе облысында құны 7,4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 1 625 жоғары өнім беретін ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейтіледі, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Бірінші кезең іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылдың тамыз айында екінші кезеңді қаржыландыру басталды. Ол қосымша 15 жұмыс орнын ашып, жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді. Жоба өңірдегі сүт өнімдеріне деген тапшылықты азайтуға бағытталған.
Автор: un_admin
Осыдан үш жыл бұрын елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленген. Құжатта бірқатар маңызды міндет көзделген. Біріншісіне сәйкес елде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны жоспарланған, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 ФАП және 160 дәрігерлік амбулатория салынады. Олардың 228-і медициналық объектілері болмаған ауылдарда, 427-сі тозған ғимараттардың орнына салынады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, МСАК ұйымдарына қажеттілікті қалыптастыру, ауылдық елді мекендерді іріктеу ЖАО деректері бойынша халық санын ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес жүзеге асырылған. «Екінші міндет бойынша тиісті бөлімшелерді – инсульт және кардиохирургия, медициналық оңалту,…
Еліміздегі жаңа медициналық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мерзімдері мен күнін оңтайландыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында МСАК объектілерін көрсетудің оңтайлы параметрлерін (үй жайлардың біркелкі жиынтығы мен ауданы, жабдықталуы, безендірілуі, сәулеттік келбетін) жобалаудың бірыңғай тәсілі қарастырылған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Бірыңғай жобалаушы 5 климаттық және сейсмикалық аймақта (Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үш түрі бойынша жобалар әзірледі – бұл медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер және дәрігерлік амбулаториялар. Жалпы алғанда, жобалардың жалпы құнының шамамен 70%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстары, 20%-ы құрал-жабдықтар және 10%-ы басқа да шығындарды құрайды.…
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қолданыстағы 12 көпбейінді орталық аудандық аурухана жетіспейтін медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныптағы ультра дыбыстық зерттеу аппараты, реанимация, операция бөлімшелеріне арналған жабдықтар және т.б.) жарақтандырылып, көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейту үшін жағдай жасалатын болады. Бұл жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында хабарлады. Қолданыстағы 20 орталық аудандық аурухана Көпбейінді орталық аудандық аурухана болып қайта құрылады және тиісті бөлімшелер ашу үшін ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, жапсарлас құрылыстарды салу, медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғыртылатын болады. «Көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда негізінен инсульт және кардиология…
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірлердегі кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне, әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде, сонымен қатар жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, еңбекақыға қосымша төлемдер және түрлі әлеуметтік қолдау түрлерін (мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды басым тәртіппен беру, қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларын ЖОО-ға конкурссыз қабылдау, жол жүру шығындарын өтеу) қоса алғанда, елеулі жеңілдіктер алады. «Сондай-ақ 2024 жылдан бастап ауылдық елдімекендерге жұмысқа келетін өткір тапшылық мамандықтары бойынша медицина…
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кең ауқымда тарату және инфляцияны тежеу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК-тің 12 бағыты бойынша 202 жобаны қамтитын 2025–2027 жылдарға арналған «Инвестицияға тапсырыс» тұжырымдамасын таныстырды. «Біз «Инвестицияға тапсырыс» тұжырымдамасын әзірледік. Ол 202 жобадан тұрады және ішкі нарықты сұранысқа ие азық-түлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ импорталмастырудан экспортты дамытуға көшуге мүмкіндік береді», — деді Ермек Кенжеханұлы. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары – импортқа тәуелділігі жоғары өнімдерді өндіру. Олар – құс еті (қамтамасыз етілу деңгейі – 79%), ірімшік пен сүзбе (52%), қант (33%), шұжық…
«Цифрлық ипотека» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстанда екінші дәрежедегі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн-ресімдеудің пилоттық тетігі енгізілді. Енді азаматтарға банкке және нотариусқа барып уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, барлық кезеңдерді қашықтан, электрондық форматта өтуге болады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі. Ипотекалық қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алғандар үшін «цифрлық ипотека» сервисі өтінім беруден бастап тіркеу туралы құжаттарды алуға дейін мәмілені толығымен онлайн ресімдеуге мүмкіндік береді. Процестің барлық қатысушылары – банк, нотариус және тіркеуші органдар – қағаз құжат айналымын болдырмайтын бірыңғай цифрлық платформа арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Мәміленің екі тарабы да жүйеде авторизациядан өтеді және өз әрекеттерін электрондық цифрлық қолтаңба…
Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Жалпы жәрмеңкеде 50 жүккөлікке тиелген 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері құны 200 млн. теңгені құрайтын 500 тоннаға жуық өнімдер ұсынылуда. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 20 тоннадай балық өнімдері, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді. Сондай-ақ, жәрмеңке аясында Сыр елінің өнерпаздары қатысатын мәдени-танымдық концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Жалпы мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Аймақтың…
Аталған акция ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары арасында ерекше маңызға ие болуда. Мәселен, Шиелі ауданында №50 Талап ауылы орта мектебінің оқушылары үшін «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Айгүл Болатбекованың айтуынша, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор. – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы былтырдан бері өткізіліп келеді. Оған жастар белсене қатысуда. Оқушылар қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаш отырғызады. Акцияның арқасында біз оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет пен туған жеріне деген жауапкершілікті дарытамыз, – деді мектеп директоры. Осы күні Шиелі ауданының орталығында, Ы. Жахаев атындағы саябақта тазалық…
Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгін Сыр өңірінен молшылыққа толы жүк керуені Елордаға жолға шықты. Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі. Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен мәдени-танымдық концерттік бағдарлама өтеді. Жалпы жәрмеңкеге 50 жүккөлікке тиелген 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауар өндірушілері 500 тоннаға жуық өнім түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 20 тоннадай балық өнімдері, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс…