Қызылордада «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Қазалы ауданындағы «LCI-MK» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіретін зауытының ұжымымен кездесті. Кездесуде партияның облыстық штабының мүшесі Ибайдулла Тілеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басымдықтарға тоқталып, олардың өңір дамуымен сабақтастығын атап өтті. Ол ел экономикасын жаңғырту, отандық өндірісті қолдау, инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе құрылыс саласын дамыту, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту отандық құрылыс материалдарына сұранысты арттырып, өндіріс орындарының әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар Ибайдулла Тілеп «Әділет» партиясының алдағы бес жылға, яғни 2031 жылға дейінгі Қызылорда облысын дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.…
Автор: un_admin
Мүфтият марқұмдардың бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға қатысты түсініктеме берді. Қазір жасанды интеллект көмегімен қайтыс болған адамдардың суреттерін қозғалысқа келтіріп, дауысын ұқсатып, сөйлетуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай әрекеттің шариғаттағы үкіміне қатысты пікір білдірді. Мүфтияттың түсіндіруінше, марқұмның бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға оның мақсаты мен қолданылу жағдайына қарай баға беріледі. Егер технология адамды сағынып, оны жақсы естеліктермен еске алу үшін қолданылса, бұған рұқсат етіледі. Мұндай әрекет шариғатқа қайшы емес. Алайда марқұмның бейнесін жандандыру адамның өткен шаққа байланып қалуына, шынайы өмірден алшақтауына немесе қайғысын қайта күшейтуіне себеп болса, мұндай әрекетке тыйым салынады. Сондай-ақ бұл марқұмның жақындарына рухани…
Ресейдің Мәскеу облысындағы Домодедово ауруханасына маймыл шешегін жұқтырған 38 жастағы ер адам түсті. Ол шетелден оралғаннан кейін дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері қабынып, денесінде бөртпе пайда болған. Зертханалық талдаулар ер адамнан маймыл шешегі вирусын анықтаған. Қазір жағдайға Роспотребнадзор мамандары да араласып жатыр. Baza басылымының мәліметінше, соңғы бір айда Домодедово ауруханасына осы инфекциямен үш адам түскен.
Ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. Алайда діттеген жеріне жете алмай, Флоридада апатқа ұшыраған. Борттағы тоғыз адамның барлығы көз жұмған. The Washington Post басылымы радиобайланыс жазбаларына сілтеме жасап хабарлағандай, апат алдында ұшқыш диспетчерлерге ауа райының қолайсыздығы, жаңбыр, мұз қату және турбуленттілік туралы ескерткен. Кейін ол апаттық дабыл берген. Радиобайланыс жазбасында ұшқыштың: «Біз қазір жерге құлаймыз… Уақытымыз қалмады», – деген сөзі сақталған. Қазір апаттың себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында заң талаптарын бұзған 78 медициналық ұйымның лицензиясы қайтарып алынды. Олардың қатарында стоматологиялық клиникалар да бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, аумақтық департаменттер жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша бірқатар ұйымды лицензиясынан айыру туралы сотқа жүгіну рәсімдері басталған. Министрлік бұл шаралар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауына және қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Ведомство медициналық көмек көрсету құқығы заң талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз орындаумен қатар жүруге тиіс екенін еске салды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адам ауруханада қайтыс болған. «Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам кейін ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендер бар. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себебі мен зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және рөлде мұқият болуға шақырды.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің шығысындағы аумақтарды, соның ішінде Қырымды Ресейдің меншігі деп мойындамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Украинаның Конституциясына, халықтың еркі мен ұлттық ұстанымына қайшы. Зеленскийдің сөзінше, Ресей бұл мәселені түрлі делдалдар арқылы Украинаға қабылдатуға тырысып келеді. Алайда Киев мұндай тәсілді ақылға қонымды шешім деп санамайды. Президенттің айтуынша, Украинаның басты мақсаты – қазіргі майдан шебінде атысты тоқтату. Одан кейін өзге мәселелерді талқылау көзделіп отыр. Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер аясында энергетика, теңіздегі атысты тоқтату және тұтқындар алмасу мәселелері де қарастырылуы мүмкін. Ал көшбасшылар саммитіндегі негізгі мәселе – атысты толық әрі ешбір шартсыз тоқтату және оның орындалуын бақылаудың тиімді…
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Түркия аумағында келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғаннан екі ел басшыларының кездесуін ұйымдастыруға көмектесуді сұраған. Бұл туралы Зеленский CNN Türk телеарнасына берген сұхбатында айтты. Украина басшысының сөзінше, Анкара Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерде тиімді әрі шынайы делдал бола алады. «Президент Ердоғанның Путинмен байланыста екенін білемін. Сондықтан біз кездесудің Түркияда өтуін қолдаймыз», – деді Зеленский. Бұған дейін Кремль де Ресей мен Украина президенттерінің ықтимал кездесуіне қатысты пікір білдірген. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путиннің Зеленскиймен тікелей келіссөз жүргізу мүмкіндігінен ешқашан түбегейлі бас тартпағанын айтқан.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді. Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады. Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне, ұлттық мүддесіне құрметпен қарау – біздің мызғымас қағидатымыз. Түркі жұрты тонның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағдарынан ауытқымай бірлесіп, алға нық қадам жасауда. «Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір» атты бүгінгі басқосу тақырыбының мән-мағынасы өте терең. Бұл жиын Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығымен орайлас өтіп жатыр. Мұның символдық мәні де ерекше. Осыдан бір ғасыр бұрын бауырлас елдердің зиялы қауым өкілдері рухани тұтастығымызды нығайту үшін ортақ мүдде жолында Баку қаласында үлкен жиын ұйымдастырып, күш біріктірген болатын. Біз бабаларымыздың…
