Автор: un_admin

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жеке денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Құжатта стандарттардың сақталуын бақылауды қатаңдату, сапа индикаторларын кеңейту жолымен қосарланған қаржыландыруды, цифрлық мониторингті, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені қарастырылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жоспар шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көзделген, бұл медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығына қашықтықтан мониторингті қамтамасыз етуге, төлемдердің қайталануын болдырмауға, елден тыс жерлерге кеткен азаматтар туралы мәліметтерді ескеруге, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналар арқылы медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы деректерді алуға мүмкіндік береді. Тіркеуді және қосарланған қаржыландыруды болдырмау үшін көрсетілген медициналық қызметтерге ақы…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үкімет фармацевтикалық өндірістерді локализациялау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АлтИНФАРМ» ЖШС, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС және «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды. Жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Өндірістік желі онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, вирусқа қарсы, антианемиялық, ауырсынуды басатын, қабынуға…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен Байқоңыр қаласындағы 250 пәтерлік 5 тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Рәсімде аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі құрылыс, әсіресе, тұрғын үй құрылысының қарқынын атап өтті. «Кеше өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ұлттық құрылтайдың осыдан 100 жыл бұрын Алаш қайраткерлерінің бастамасымен қазақ атауы қайтарылған Қызылорда қаласында өтуі тарихи мәнге ие. Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2022 жылдан…

Read More

2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы мектеп – 2026: Университеттің ғылыми-білім беру экожүйесі: заманауи сын-қатерлер» атты ЖОО оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік біліктілігін арттыруға бағытталған апталық іс-шара өтуде. Қысқы мектеп офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және жас ғалымдары мен докторанттарын бір алаңға тоғыстырып, олардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Orhun Medical компаниясы жаңа медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық томография мен компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Аталған диагностикалық қызметті алу үшін өңір тұрғындары Алматы және Астана қалаларына баратын. Енді бұл қызмет тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Медициналық орталықтың жобалық қуаты жылына 3 500 ПЭТ/КТ, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жүргізуге есептелген. Қызылорда қаласындағы орталықтың ашылуы Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланды. Күн тәртібінде өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қамтылды. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған түйткілдерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. “Коммуналдық қызмет сапасы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан су, жарық, жылу және газбен қамтуда іркілістер болмауы тиіс”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатынасын реттеуді және электр желілерінде орын алуы ықтимал…

Read More

Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қара шаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Абай ұлттық мектебіне оқушылар 7-сыныптан бастап оқуға қабылданады. Бүгінде жаңа ғимараттың жанында оқушыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бұл алыс ауылдардан келген талапкерлерге білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, мектеп тарихына арналған Абай мұражайы құрылуда. Мұражай – Абайдың рухани мұрасын…

Read More

Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Saran индустриялық аймағына барып, жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. «ТЭМПО Қазақстан» ЖШС металл конструкцияларын салу мен су құбырларын тартуда қолданылатын тік жікті болат құбырлар өндірісін жолға қояды. Жобаның құны – 20 млрд теңге, ал жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда зауытта жабдықтарды реттеу жұмыстары…

Read More

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.

Read More