Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Жоғарғы сот пен Сот әкімшілігінің, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының цифрлық шешімдері таныстырылды. Мемлекеттік органдардың жетекшілері Президентке экономика салаларын және мемлекеттік басқаруды цифрлық тұрғыдан трансформациялау бойынша атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік…
Автор: un_admin
Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, жырау Алмасбек Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Жыр керуен» атты шығармашылық кеш өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, жазушы, тарихшы-этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Алмасбек Нұрмаханұлының үзеңгілес әріптестері мен елімізге белгілі шәкірттері, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы мерейтой иесінің төл өнерді өркендетуге қосқан үлесін атап өтіп, барша Сыр жұртшылығының атынан сый-құрмет көрсетіп, автокөлік кілтін тарту етті. Сондай-ақ кеште Жанарбек Әшімжан…
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында Үкімет алдына 7 жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. 2026 жылы 18,5 млн шаршы метр пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. «Болжамға сәйкес, 2026 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18,5 млн шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру ұлғайған кезде бұл көрсеткіш жоғарылауы мүмкін», – деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында. Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы бойынша ең үлкен көрсеткіштер республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеледі деп болжанып отыр. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысының қарқыны нәтижесінде көрсеткіштер үш жыл қатарынан…
Еліміздің өңірлерінде су тасқыны қаупін азайтуға, мұз кептелісінің алдын алуға және тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді алдын алу шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Абай облысында Ертіс өзенінде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар 9 360 шаршы метр алаңда орындалып, көктемгі сең жүру кезеңінде мұз массасының еркін өтуін қамтамасыз ету үшін мұз жамылғысын әлсіретуге бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуге өңірлік ТЖД, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары 1,13 млн текше метр қарды шығарып, 256,5 мың қап, 33,3 мың тонна инертті материал және…
2026 жылғы ақпанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды. Қаңтар айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға (-3,7 мың) азайды, ал жарияланған түйіндемелер саны бұдан да айтарлықтай – 23,1%-ға (-37,5 мың) қысқарды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлейметтік қорғау министрлігі. Салалық құрылымда сұраныстың ең үлкен бөлігі дәстүрлі түрде әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторына тиесілі. Көш бастап тұрған – білім беру саласы, мұнда 26,9 мың бос жұмыс орны жарияланған. Сондай-ақ өзге де қызмет түрлеріне – 14,6 мың, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында –…
Мемлекет басшысының транзиттік әлеуетті дамыту және еліміздің көлік-логистикалық рөлін нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2019-2025 жылдар аралығында әртүрлі жөндеу жұмыстарымен 9436 километр теміржол желісі қамтылды. Жүргізілген жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, магистральдардың өткізу қабілетін ұлғайтуға және еліміздің көлік жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Жұмыстың ең үлкен көлемі күрделі жөндеуге тиесілі. Оның аясында 3593 километр теміржол желісі жаңартылды. Бұл жөндеу түрі рельстерді, шпалдарды және жолдың үстіңгі құрылымының басқа да элементтерін ауыстыруды қамтитын инфрақұрылымды кешенді қалпына келтіруді қарастырады. Сонымен қатар, 1560 километр теміржол желісінде құрамдас бөліктер…
Меморандум аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ChatGPT Edu пилоттық жобасын іске қосуға дайындық жүргізуде. 2026 жылы жоба 200 мың педагогті қамтиды. Олар күнделікті жұмыс жүктемесін азайту үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануды меңгереді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес білім беру саласына жасанды интеллект енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта QazTech платформасының базасында Ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылуда. Ол электрондық күнделіктер үшін бірыңғай қоймаға айналып, білім алушылардың цифрлық профильдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлттық білім беру платформасын құру жоспарланып отыр. Осылайша жекелеген жүйелердің орнына білім беру саласындағы барлық сервистер мен мемлекеттік қызметтер бір платформада біріктіріледі. Нәтижесінде электрондық күнделіктер…
Бүгінде Қазақстанда экологиялық волонтерлер қатары көбейіп келеді. 2024 жылы эковолонтерлікке 40 мыңнан астам адам қатысса, былтыр олардың саны 60 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Өткен жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әр қадамда экоcаналық» атты гранттық жобасы басталды. Жобаны «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Green Steppe ұйымы жүзеге асырады. Оның аясында сарапшылардың қатысуымен вебинарлар ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар шамамен 1000 экоактивист арнайы әзірленген білім беру курсынан өтті. Жыл басынан бері жоба аясындағы іс-шараларға 2000-нан астам волонтер қатысты. Биыл экологиялық волонтерліктің даму деңгейін талдауға бағытталған «Қазақстандағы эковолонтерлік – 2026» атты зерттеу…
2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 31 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 63%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде және 74 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57,7%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 56,5 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 136 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 101 талапкер қатысқан. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар…
Өңірде 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 438 мың гектар жерге орналастыру жоспарланған. Оның ішінде егіс алқаптарының 51%-ы, яғни 224 мың гектары – суармалы жерлер, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Егіс алқаптарының құрылымында дәнді дақылдар 175 мың гектарды алып жатыр, оның ішінде жүгері – 55,7 мың гектар. Майлы дақылдар – 26,6 мың гектарға, картоп – 9,7 мың гектарға, көкөністер – 17,1 мың гектарға, бақша дақылдары – 2,9 мың гектарға егіледі. Мал азықтық дақылдар 206,6 мың гектар жерге себіледі. Сонымен қатар 25,2 мың гектарға күздік дақылдар алдын ала егілген. Қазірдің өзінде 56 мың…
