Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

23.04.2026361 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 2 655  жас маман жұмысқа кірісті. Биыл бұл бағыт бойынша барлығы 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жастар практикасы бойынша қамтылғандардың ең көбі Түркістан (754 адам), Ақтөбе (197 адам), Алматы (168 адам), Қызылорда (165 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (239 адам) тіркелген.

Жастар практикасына қатысатын ауыл тұрғындарының үлесі – 1,6 мың адамды немесе 59,7%-ды құрайды.

Алынған мамандық (біліктілік) бойынша бастапқы еңбек тәжірибесін жинақтау мақсатында білім беру ұйымдарын аяқтаған, жасы 35-тен аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасының қатысушылары бола алады. Ол үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін үйрету үшін тәлімгер бекітеді.

Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 129 мың теңгені құрайды.

Жастар практикасын қаржыландыру Еңбек мобильділігі орталығы арқылы жүзеге асырылады, жалақы ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы төленеді. Төлем жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде қатысушылардың екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына қаражат аудару арқылы жүргізіледі.

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: медицина қызметкерлері – 270 адам, заңгер – 130 адам, шет тілі мұғалімі – 104 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 96 адам, дене шынықтыру және спорт мұғалімі – 87 адам, техник-бағдарламашы – 82 адам, аспаз – 82 адам.

Жастар практикасының тиімділігін нақты көрсететін жарқын мысалдардың бірі – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Аминат Бақытбекқызының тәжірибесі. Ол осы мемлекеттік қолдау тетігінің пайдасын көріп, бағдарламаға жоғары бағасын берді.

«2024 жылы мен К. Нұрғалиев атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдадым. Оқуды бітіргеннен кейін бірден мансап орталығына жүгініп, сол жерде жұмыссыз ретінде тіркелдім. Кейін маған «Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жастар практикасы аясында жұмысқа жолдама берілді. Бір жыл өткен соң мені тұрақты жұмысқа қабылдады. Өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, жастар практикасы секілді бағдарламалар шынымен де тиімді – олар жұмыс тәжірибесін жинақтауға және мамандықты жақсы меңгеруге үлкен мүмкіндік береді», – деді Аминат.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

23.04.2026237 Views

Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады

23.04.2026731 Views

Қазақстан иммундау жүйесін дамытуда прогресс көрсетуде – ДДСҰ

23.04.2026227 Views
Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

23.04.2026

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

23.04.2026

Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады

23.04.2026

Қазақстан иммундау жүйесін дамытуда прогресс көрсетуде – ДДСҰ

23.04.2026

Зерттеу: егде жаста вакцина алу иммундық жүйені жаттықтыруға ықпал етеді

23.04.2026

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті

23.04.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

23.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.