Автор: un_admin

Бүгін Қызылордадағы №260 сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді. Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі референдумда өз таңдауын жасады. Қала жастарына жақсы таныс образ батылдық пен жеңістің символы. Көпшілік оны Қызылорданың намысын қорғайтын FC KAYSAR командасының рухымен де байланыстырады. Айта кету керек, Көкбөрі 2026 жылғы республикалық референдумның Қызылордалықтар үшін басты кейіпкеріне айналып үлгерген. Учаскеге келген тұрғындар «Көк бөрімен» суретке түсіп, ерекше атмосферада өз дауыстарын берді. Сыр өңірінде бүгінгі күн тек дауыс беру күні ғана емес, бірлік пен белсенділіктің күні болды.

Read More

Бүгін Астана опера театрында Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Магоммед оглы Панахов елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумға қатысты пікірін білдірді. Спикердің айтуынша әзербайжандық бақылаушылар елуге жуық сайлау учаскесінде болып, референдумға келген халықтың белсенділігін байқаған, деп жазады Egemen.kz. Әзербайжаннан жиырмадан астам бақылаушы келген. Делегация құрамында парламент мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының мамандары мен Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері бар. Олар таңертеңнен бастап әртүрлі сайлау учаскелеріне бөлініп, референдум барысын қадағалап отыр. «Бүгін шамамен елуге жуық сайлау учаскесінде болдым. Кеш батқанша Әзербайжан делегациясының өкілдері бақылау жүргізіп жатқан барлық учаскелерді аралап, қандай да бір заң бұзушылық немесе проблемалар бар-жоғын сұрап шығамын. Қазірге ондай олқылықтар орын алған…

Read More

Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады: 1. Абай облысы бойынша – 17,98%. 2. Ақмола облысы бойынша – 19,82%. 3. Ақтөбе облысы бойынша – 21,80%. 4. Алматы облысы бойынша – 18,10%. 5. Атырау облысы бойынша – 19,44%. 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – он сегіз бүтін жүзден сексен пайыз 18,80 %. 7. Жамбыл облысы бойынша – 18,49%. 8. Жетісу облысы бойынша –  21,01%. 9. Қарағанды облысы бойынша – 26,64%. 10. Қостанай облысы бойынша –19,24%. 11. Қызылорда облысы бойынша – 24,02%. 12. Маңғыстау…

Read More

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Референдум – 2026» онлайн марафонында хабарлады. Оның айтуынша, шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны – 14380 адам. «Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 3.00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 9.00-ге дейін жалпы 34 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 350 адамды құрады. Ең соңғы ашылып-жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласында орналасқан. Ол бүгін сағат 19.00-де ашылады және 16 наурыз күні сағат 8.00-де жабылады. Сондай-ақ 14-16 наурыз аралығында Алматы және Астана қалаларында Халықаралық…

Read More

Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, 2026 жылғы 15 наурызда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10 388 учаске дауыс беруге кірісті. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 388 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан.

Read More

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті. – Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №375 референдум учаскесінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс берді. Қызылорда облысында 492 524 дауыс беруші тізімге енгізілген, 378 учаскеде 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 126 учаске бар, қалғаны аудандарда орналасқан. Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі. Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар. Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 49 учаскеде сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметін көрсетуде. Айта кетейік, азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы біле алады. https://referendum.orda.gov.kz сайты…

Read More

Қызылорда қаласындағы №375 сайлау учаскесінде референдум аясында ерекше әрі мазмұнды акция ұйымдастырылды. Қазақ хандары Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте дауыс берді. Тарихтан белгілі, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік негізін қалаған заңдар жүйесі болды. Бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолды жалғап, Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды құжат екені сөзсіз. Шараның мақсаты азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір тұрғынның дауыс беруінің маңызын көрсету. Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сайлау учаскелерінде референдум талаптарына сәйкес дауыс беру процесі…

Read More

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, кеше кешкісін Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері отбасы мүшелеріне қайғылы хабар жеткізген, деп хабарлайды Politico.kz. Олардың мәліметінше, Мейрамгүл мен Наурыздың денелері Геолог ықшамауданындағы үй маңынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі де пышақ жарақатынан қайтыс болған. Бұл үйде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын айына шамамен 50 мың теңгеге пәтер жалдап тұрған. Марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, олар соңғы сәтке дейін жақындарының тірі екеніне үміттенген. «Әрине, бізге өте ауыр. Күдіктінің ұсталғанын естігенде, Мейрамгүл мен Наурыз тірі шығар деп үміттендік. Бірақ кеше олардың да қаза болғанын хабарлады. Қазір денелері моргқа жеткізілді, сараптама жасалады. Кешке дейін жерлеуге беретінін айтты», – деді…

Read More

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры, белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлымен кездесті. Кездесу барысында өнер мекемесінің басшысы театрда соңғы жылдары жүзеге асқан жобалар, ұжымның жаңа бастамалары, шығармашылық жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Абай атындағы театр тарихы тереңнен тамыр тартатын, еліміздегі іргелі өнер ордаларының бірі саналады. Театрда қазіргі таңда 7 Мәдениет қайраткері, 17 Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған, жиыны 66 адам еңбек етіп келеді. Сонымен қатар театр құрамында кіші симфониялық оркестр және балет әртістері тобы бар. Театр ұжымы былтыр Талдықорған қаласында өткен халықаралық «Biken Fest – III» фестивалінде «Абай айтқан…

Read More