Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Автор: un_admin
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен келген 100-ден астам жас эко-белсенділер мен көшбасшылар климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді. 2026 жылғы 24 сәуірде Астанада ауқымды Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Болашақ экожүйе: балалар мен жастар тұрақты даму сәулетшілері ретінде» атты арнайы жастар воркшобы өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. ЮНИСЕФ-тің ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шарасы өңірлік экологиялық диалог үшін бірегей алаңға айналмақ. Орталық Азияның түкпір-түкпірінен жиналған 16 мен 25 жас аралығындағы жастарды, БҰҰ сарапшыларын, бизнес және үкімет өкілдерін қамтитын 150-ге жуық қатысушы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық шешімдерді…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты республикалық маңызы бар автомобиль жолы құрылысының басталуымен құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Биыл – еліміз, өңіріміз үшін тарихи маңызды жыл. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың…
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі ғимаратында «Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Тағылымды басқосу ел бірлігі мен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге арналды. Мерекелік жиында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айдын Қайруллаев сөз сөйлеп, Алғыс айту күні – қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын айқындайтын маңызды мереке екенін атап өтті. Ол бұл күннің татулық пен тұрақтылықты нығайтудағы орны ерекше екенін айтып, барша тұрғындарды ынтымақ пен өзара сыйластықты сақтауға шақырды. Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталықтың шығармашылық ұжымдары және Ассамблея жастары қатысты. Жиын барысында түрлі этнос өкілдері қазақ жеріне деген алғыстарын білдіріп,…
Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары бар, оның 25 мың шақырымы Көлік министрлігіне қарайтын республикалық маңызы бар жолдар. Нормативтік жағдайы 94%-ды құрайды. Ал 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы 91%. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында республиканың автожол саласын дамытудың ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Алдағы үш жылдың ішінде жергілікті органдармен бірге өңірлік жолдардың жұмыстарын 5 есе арттыру жоспарланған. Жұмыстың нәтижесінде 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95%-ға дейін жетеді. «Бұл жұмыстарды атқару үшін ведомстволық нормативтерге тиісті өзгерістер қабылданды. Қазіргі уақытта стандарттарға өзгерістер енгізу жұмысы аяқталып…
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен 89 мың оқушы орнына арналған 81 мектеп пайдалануға берілді. Нысандардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру ұйымының құрылысы қаржыландырылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға…
2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 111,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 75,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 23,8 мың – жеке көмекшінің, 5,2 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды…
Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Ержан Сәденов биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. Құқықбұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады. Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі қылмысына қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп келеді: бес есірткі зертханасы жойылды.…
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жалғасуда. Еліміздің барлық өңірінде су қоймаларын кешенді тексеру, қардың қалыңдығына мониторинг жасау және гидротехникалық нысандардың жай-күйін тексеру арқылы ықтимал су басулардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Ақтөбе облысында Ақтөбе, Қарғалы, Мақажан және Ырғыз ауданының су қоймаларын әуеден патрульдеу және көшпелі тексеру жүргізілді. Гидротехникалық нысандардың жай-күйіне, қардың қалыңдығына және өзен сағаларына ерекше көңіл аударылды. Негізгі міндет ықтимал тәуекелдердің алдын алу және өңір тұрғындарын қорғау. Шығыс Қазақстан облысында «Семей – Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Қатонқарағай ауданы – Семей» маршрутымен қар көшкіні және су тасқыны қаупі бар учаскелерге…
Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманы қабылдады. Бұл – табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоәртүрлілікті ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Тұжырымдаманың қабылдануы Қазақстанның 1994 жылы ратификацияланған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған. Бұл құжатқа сәйкес қатысушы елдер ұлттық стратегиялар әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар, Тұжырымдама 2050 жылға қарай табиғатпен үйлесімділікті қалпына келтіруге бағытталған Куньмин-Монреаль жаһандық биоәртүрлілік бағдарламасының ауқымды мақсаттарын іске асырудың негізі. Тұжырымдама Мемлекет басшысының бастамаларына тікелей қолдау көрсетіп, «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырады. Оның идеологиясы тәсілді түбегейлі…
