Қазақстанда теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және модернизациялау кешенді жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Бұл жұмыстар жолаушылар үшін вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттыруға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ объектілердегі навигация мен қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған. Бүгінгі күні 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 2025 жылы келесі станциялардағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл. 2026 жылдың бірінші тоқсанында мына станциялардағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды: Семиглавый…
Автор: un_admin
Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты қарқын алып келеді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 123,1 млрд кВт/сағ-қа жетті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Салыстырмалы түрде айтсақ, генерация көлемі 106 млрд кВт/сағ болған 2019 жылдан бері энергия өндіру 16%-ға өсті, бұл саланың жоспарлы дамуын растайды. 2025 жылғы оң нәтижелер Текелі энергия кешені мен Топар ГРЭС-інің нысандарын қоса алғанда, жалпы қуаты 166 МВт болатын дәстүрлі генерацияның жаңа жобаларын іске қосумен бекітілді. 2026 жылы өндіріс көлемін әрі қарай 126,5 млрд кВт/сағ-қа дейін арттыру жоспарлануда, бұл ретте негізгі өсім қуаттылығы 2,4 мың МВт болатын жаңа нысандарды…
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді: — табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; — табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың…
Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригация инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ суармалы жерлердің нақты шекарасы анықталып, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау үшін жерді қашықтан зондтау технологиялары қолданылады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жаңа жүйе су пайдалануға қатысты негізгі процестерді цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, су алуға өтініш беру, келісімшарт жасау және су тұтынуды есепке алу сияқты қызметтер электронды форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жүйе ғарыштық мониторингтің көмегімен суды заңсыз пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерін рұқсатсыз суару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. «Бұл жоба су ресурстарын бөлудің ашықтығын арттыруға, суармалы суды пайдалану бақылауын күшейтуге және ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың…
Бүгінде елімізде 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларға жан-жақты қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Тұжырымдама аясында жаңа жүйелік тәсілдер енгізіліп, цифрлық құралдар кеңінен қолданылып, балаларды қорғау мен қолдау тетіктері жетілдіріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Республикада 6,2 млн отбасы бар, оның шамамен 3 миллионы – балалы отбасылар. Отбасыларға кешенді қолдау көрсету мақсатында ел бойынша 131 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл бағыттағы шаралар отбасы институтын нығайтуға ықпал етуде. Тұжырымдама аясында отбасыны қолдаудың жаңа бағыттары да қарастырылған. Атап айтқанда, некеге дейінгі кеңес беру, ata.ana.kz платформасында жауапты…
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының үш жылының қорытындысы бойынша 7 млн қазақстандық балаға аударылған жинақтардың жалпы сомасы 2,5 млрд доллардан асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама ұлттық байлықты әділ бөліп, жастарға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі. Биыл бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6 918 656 бала қатысты. Ұлттық қордың инвестициялық табысынан аударымдардың жалпы сомасы 900 млн доллардан асты. Яғни, 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді. Осы жылы кәмелет жасқа толғандар үшін (356 613 адам) тұтастай 132,1 млн доллар көлемінде қаражат қарастырылған. Бағдарламаның маңызды аспектісі – қаражатты капиталға айналдыру. Айталық, өткен кезеңдердің қорытындысы…
Үкімет Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Құжат деректерге, цифрлық құралдарға, жасанды интеллект технологияларына негізделген медициналық қызметтердің сапасын бақылаудың және басқарудың заманауи үлгісіне көшуге бағытталған. Жоспар медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде жақсартуға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыруды қамтиды. Негізгі мақсат – пациент медициналық қызметтердің сапасын бағалау және бақылау процестерінің…
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жобада Солтүстік Аралдағы су деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру үшін Көкарал бөгетін реконструкциялау көзделген. Нәтижесінде су айдынының аумағын 3 913 шаршы шақырымға дейін, ал су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Сонымен қатар Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Арал-Сырдария бассейнінің ирригация жүйелерін жаңғырту және автоматтандыру бойынша 160-тан астам жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Бұл жұмыстар суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, үнемделген су көлемін Солтүстік Аралға бағыттауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта жоба Халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс…
Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі кезеңі аяқталды, оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысаны пайдалануға берілді. Бұл ауқымды инфрақұрылымдық шешім шалғайдағы ауылдардың 1 млн тұрғынына білікті медициналық қызметтерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етті, бұл оларды аудан орталықтарына дейін айтарлықтай қашықтықты жүріп өту қажеттілігінен босатты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. 2023-2025 жылдары кезең-кезеңімен салынған бұл нысандар желісіне 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория кіреді. Қуаттылықтардың тұрақты іске қосылуы – бірінші жылы 99-дан 2025 жылдың соңында 195-ке дейін – еліміздің барлық басым елді мекендерін мекемелер желісімен жоспарлы түрде қамтуға мүмкіндік берді. Ашық орталықтардың әрқайсысы…
14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Наурызды жаңа форматта атап өту 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген. Ол Наурызды тек бір күндік мереке ретінде емес, адамдардың жүздесіп, игі істер істеп, жаңарып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтатын кезең ретінде қабылдаған тарихи дәстүрге негізделеді. Наурызнама аясында биыл еліміз бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Онкүндіктің әр күні қоғамның негізгі құндылықтарын айқындайтын жеке тақырыпқа арналады. Наурызнама бағдарламасында…
