Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202658 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазалы ауданында елге еңбегі сіңген азамат, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Мнажадин Сражадинұлы Өтеевті еске алуға арналған кіші футболдан аудандық ашық турнир өтуде.
Аудан орталығындағы «Әмір арена» спорт кешенінде өткен турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, спортшылар мен жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді. Мнажадин Сражадинұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегі жайында атап өтіп, арда азаматтың ғұмырын бүгінгі жас ұрпаққа үлгі етті.
-Халқымызда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген тағылымды сөз бар. Осы тұрғыдан алғанда, Мнажадин Сражадинұлының ғибратты ғұмыры мен өнегелі жолы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала береді. Мнажадин ағамыз саналы ғұмырын туған өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласының өркендеуіне арнаған, іскерлігімен де, азаматтық болмысымен де ел құрметіне бөленген тұлға еді. Еңбек жолында облыстық және аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланып, аудан мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып, халық мүддесін қорғауға үлкен күш салды. Ел алдындағы еселі еңбегі лайықты бағаланып, Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марпатталып, Қазалы ауданының Құрметті азаматы атанды. Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласының үздігі» атағына ие болып, депутаттық қызметтегі абыройлы еңбегі үшін «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағымен марапатталды. Бүгінгі игі шараны елге еңбегі сіңген азаматтың рухына арнау – оның өнегелі өмірін кейінгі буынға танытудың, азаматтық болмысын ұлықтаудың жарқын үлгісі. Ағамызды еске алуға арналған кіші футболдан ұйымдастырылып жатқан аудандық ашық турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін, — деді аудан әкімі.
Аудан басшысынан кейін «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, облыстық мәслихаттың III, IV, V, VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Ібайдулла Тілеп, 2011-2013 жылдары Қазалы ауданын басқарған Мнажадин Сражадинұлының сыйлас інісі Мұрат Имандосов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері, Мнажадин Өтеевтің бауыры Кемаладин Өтеев сөз сөйлеп, есімі ел жадында сақталған азаматтың өнегелі өмір жолынан естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекбанов ақсақал елдің бірлігі мен берекесін тілеп, ақ батасын берді.
Марқұмның рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған турнирге еліміздің әр өңірінен барлығы 16 команда қатысып, өзара бақ сынауда.
Аудандық ашық турнир ойындары екі күнге созылмақ.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202687 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.