Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады
Жаңалықтар

Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады

23.04.2026733 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ұйымның 70 жылдығына арналған Теміржол ынтымақтастығы ұйымының бас директорлары конференциясының 40-шы отырысына қатысты. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден астам теміржол тасымалы компанияларының басшылары мен өкілдері келді. ТЖЫҰ ұзындығы 320 мың шақырымнан асатын теміржол желісін қамтиды, олар арқылы жыл сайын шамамен 5,5 млрд жолаушы және 5 млрд тонна жүк тасымалданады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мерейтойлық отырыс халықаралық теміржол тасымалдарын дамытудың мақұлданған тәсілдерін іздестіру, қатысушы елдердің жетістіктерін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау алаңына айналды. Жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, инфрақұрылымды жаңғырту, қағазсыз технологияларға көшу, басқарудың зияткерлік жүйелерін енгізу, сондай-ақ кадрларды даярлау мәселелеріне назар аударылды.

Премьер-министр теміржолдардың экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтіп, Конференция өткізу сындарлы диалог пен елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға мүмкіндік тудыратынын атап өтті.

Олжас Бектенов қатысушыларға Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын хабарлады – осы жылдың наурыз айында жаңа Конституция қабылданды, ол экономикалық дамуға тың серпін бермек.

«Экономиканың аса маңызды күретамырына айналған Қазақстанның теміржол саласы халқымыздың өмір сапасын жақсартып, орнықты өсімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Ұйымның 70 жылдығына орайластырылған алқалы жиын тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрлығының дәл ортасында өтіп отыр. Мұның мәні зор. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі біз үшін халықаралық жеткізу тізбектеріне бейімделе отырып, жаһандық экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз сөзінде ол еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға назар аударды.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу», — деп атап өтті Премьер-министр.

Негізгі бағыттардың бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту белгіленген, оның аясында теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілуде. Атап айтқанда, халықаралық серіктестерді тарта отырып, Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2029 жылға дейін тасымалдау көлемін жылына 80 мың ЖФЭ-ден 300 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жүктерді жеткізу мерзімі 18 тәулікке дейін қысқарды, келешекте оны 10 күнге дейін қысқарту көзделген.

Парсы шығанағы мен Үндістан нарықтарына шығатын ең төте жол «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі дамып келеді.

Салаға цифрлық технологиялар енгізу мемлекеттің басым бағыты болып қала бермек.

«Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда TezCustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Ұйымның қатысушыларын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында озық цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануға шақырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.