Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті

23.04.2026286 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына жоғары баға берді.

Сонымен қатар Президент мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністікті күшейтуге септігін тигізетін құрал ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пере Жоан Понске елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформа жөнінде баяндады. Оның айтуынша, жаңа Конституция мемлекет институттарының орнықтылығын қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Ол өңірлік күн тәртібін ілгерілету мен ортақ бастамаларды жүзеге асыру жолында Орталық Азия елдерінің жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, нәтижелі ықпалдастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.