Автор: un_admin

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді. Президентке мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғаны айтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары баяндалды. Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады. Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр…

Read More

Өнер орталығының фойесінде Қызылорда облыстық филармониясы академиялық орындаушыларының қатысуымен романс кеші өтті. Сезім мен сырға толы бұл музыкалық кеш көрермендерді лирика мен әуездің ерекше әлеміне жетелеп, жан дүниені тербеген мәдени шараға айналды. Кеш бағдарламасында қазақ және әлем классикасының таңдаулы романстары орындалып, көрермендер жоғары эстетикалық талғам мен таңдаулы музыкаларды тыңдауға мүмкіндік алды. Сыр сен сазға толы кеште «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мақсат Мақұлбеков, «Тұран» сыйлығының иегері Сымбат Тасбергенова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Біржан Серік, Аружан Төреғали, Назерке Омар, Мирас Жантөре, Жаннұр Аманбай өнер көрсетті. Ерекше форматпен ерекшеленген шараны концертмейстерлер Айнаш…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Қазақстан Президенті 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Осылайша, банк экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде әңгімеледі. Бұл елімізде орнықты даму мен құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кездесу барысында көлік және логистика, ТЖ, цифрлық технологияларды дамыту, тұрғын үй нарығы, «жасыл» қаржыландыру және тағы да басқа салалардағы жобалар талқыланды. Жасанды интеллект, дата-орталықтар салу, талшықты-оптикалық магистральдар жүргізу, көлік дәліздері мен кедендік рәсімдерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті атап өтілді. Қарағандыда кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 300 төсек орынға арналған университеттік аурухана салу бойынша МЖӘ жобасын жүзеге асыру барысы қаралды. Премьер-министр Мемлекет…

Read More

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Байсат», «Кенжехан», «Алтын орда», «Салем» «Өжет», «Арыстан» және тағы басқа базарлардан 30 ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорт мамандары төрелік жасады. Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. Ойыншылар өздеріне ұнайтын командаларды иемденіп, сол арқылы компьютер экранында ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол командалары ретінде «Раел Мадрид», «ПСЖ», «Бавария», «Галатасарай», «Интер Майами», «Челси»  сияқты үздік клубтарды таңдап, өздері «тізгіндеген» осы клубтар арқылы бір бірімен…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алғыс айту күніне орай “Достық үйінде” тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін салалардың қызметкерлерімен кездесті. Оған Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылыққа құттықтауын жеткізіп, еңбек адамдарының мәртебесі қашанда биік екенін айтты. “Жарқын көктеммен жарасым тапқан бұл мереке адамдар арасындағы сыйластық пен тілектестікті, ризашылық пен шынайы құрметті арттырады. Айтулы күн қарсаңында тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін салаларда күннің ыстық-суығына қарамай, уақытпен санаспай еңбек ететін қызметкерлерге құрмет көрсету үшін бас қостық. Сондай-ақ қасиетті Отанымызды қорғауда патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетіп, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындайтын айбынды әскери қызметшілерімізге,…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың (онкологиялық бөлімшесімен) құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Облыс тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Аурухана заманауи техникалық шешімдерді ескеріп жобаланған, ең озық технологиямен қамтамасыз етіледі. Диагностика және емдеу бойынша заманауи стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық инновациялар енгізіледі, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Осылайша Қызылордада шетелдік клиникалардан еш кем түспейтін заманауи медициналық кешен пайда болады. «Мелиоратор» серіктестігі қолға алған жобаға 36 млрд 416 млн теңге…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйінде» ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Оған Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков қатысты. Аймақ басшысы халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, Конституциялық реформаға тоқталды. «Президентіміздің Жарлығымен 21 қаңтарда Ата Заңымызға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды тұжырымдайтын Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның қорытынды шешімінің нәтижесімен Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды. Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына…

Read More

2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты аппеляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай…

Read More

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы табысты жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 12 айында жоба аясында 219 несие берілген. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Жобаның басты нәтижелерінің бірі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Жыл басынан бері «Ауыл Аманаты» аясында 647 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде. 2026 жылы жобаны жалғастыруға 4,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыру көлемінің артуы ауыл кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында AMANAT партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске…

Read More