Автор: un_admin

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері», «Ауыл – Ел бесігі» жобалары аясында және демеушілік есебінен облыста 14 мектептің құрылысы мен 2 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді. Өткен оқу жылында 3 ауысымда оқитын 10 мектеп болса, биыл 3 мектеп қалып отыр. Өңірдегі үш ауысым мәселесін түпкілікті жою үшін 9100 орынға арналған 8 мектептің құрылысына және жапсаржай салу үшін ЖСҚ дайындалуда. Өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның хабарлауынша, ағымдағы жылы мемлекеттік грант иегерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті. «Биыл өңірімізде алғаш рет «Табысты мектеп» конкурсы өткізілді. Оның мақсаты – өңірдегі білім сапасын арттыру және педагогикалық ұжымды ынталандыру. Конкурс…

Read More

Маңғыстау облысында төтенше жағдайлар және қорғаныс саласы қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін мекемелерге арнайы техникалар сатып алынды. Үш ауылда заманауи техникалармен қамтылған 3 жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды. 7 ауылда өрт сөндірушілерге арналған модульдік ангар пайдалануға берілді. Бұл жайлы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында айтты. Сондай-ақ әкім қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына тоқталып өтті. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамсыз ету мақсатында 29,4 млрд теңге бөлініп, полиция бөлімшелері жабдықтармен қамтамасыз етілді», – деп қорытындылады Н.Қилыбай.

Read More

Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткен. Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелері таныстырылды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, Президентке инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы…

Read More

Мемлекет басшысының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерінің санын көбейту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында жаңа стадион салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты. «УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алған 11 мың орындық заманауи нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Жаңа стадион 4 қазан күні футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды. Аймағымызда халықтың барлық санатының бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі – аумағы 25 мың шаршы метр, құны 20 млрд. 500 млн. теңге…

Read More

Сыр өңірінің мәдениет пен руханият саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2022 жылдан бері 20 мәдениет нысаны жаңадан бой көтеріп, ел игілігіне берілген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде баяндады. «Өңірде мәдениет саласында соңғы 3 жылда 21 мәдениет нысаны жаңадан бой көтерді. Оның 9-ы ауылдық клуб, 7-уі «Руханият орталықтары» және Анаға тағзым, Отбасы, Өнер орталықтары мен облыстық тарихи-өлкетану музейі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен биыл 2 ауылдық клуб салынуда. Аудандағы «Руханият орталықтарында» музей, кітапхана, архив, неке қию залына, ардагерлер мен аналар кеңесіне, жастарға, этномәдени бірлестіктерге, үкіметтік емес ұйымдарға толық жабдықталған жұмыс кабинеттері ашылды. Қызылорда қаласында «Отбасы орталығы», «Анаға…

Read More

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 млрд. 763 млн. теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты. «Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқын алды, 5 млрд. 400 млн. теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар салынды. Шиелі ауданында 2 млрд. 300 млн. теңгеге бой көтерген жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Құрылысына 2 млрд. 200 млн. теңге бөлінген дәл осындай жаңа нысан жақын күндері Арал ауданында ашылады. Бұрын-соңды өз ғимараты болмаған Қан орталығы бүгінде жаңадан салынған нысанда…

Read More

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл туралы елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті. «Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үйлер салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. «Білімді…

Read More

Кейінгі 2022-2025 жылдары 1 600 шақырым автомобиль жолы мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. «Қызылорда қаласындағы 270 көше қайта жаңғыртылды. Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге бөлініп, 329 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Жақында ғана «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының облыс аумағындағы 216 шақырымы қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілді. Мамыр айында Арал қаласында 3 млрд. 140 млн. теңгеге салынған 940 метрлік аспалы көпір ашылды. Жаңақорған кентіндегі…

Read More

Қызылорда облысының барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. «Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы, Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді. Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен…

Read More

Мемлекет басшысының қолдауымен «AKSA Energy» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауқымды жоба жайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі баяндамасында айтылды. «Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған жобалардың бірі. Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады, – деді Н. Нәлібаев. Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды. Инвестициялық шартқа сәйкес…

Read More