Қазақстанда 2026 жылға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсы басталды. 2021 жылдан бастап грант жыл сайын 6 бағыт бойынша табысталып келеді: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік». Әрбір жеңімпаз өз жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге алады. Грантты тағайындау 2029 жылға дейін жоспарланған. Биылғы ережелер туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтып берді. «Конкурсты өткізу барысында біз ашықтыққа, объективтілікке және барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікке ерекше мән береміз. Грантты тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау,…
Автор: un_admin
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурстық комиссиясы мемлекеттік орган өкілдері, салалық сарапшылар, ғылыми және кәсіби қауымдастық мүшелерінен құрылған. Әрбір өтінім формальды түрде емес, нақты тәжірибе, кәсіби сараптама және салалық процестерді түсінуге негізделіп қаралады. 2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесі, Назарбаев Университетінің Мансап және кәсіби бағдар орталығының директоры Ғайни Есембекова ОКҚ алаңында осылай деді. «Біздің негізгі міндетіміз жүзеге асуға әлеуеті бар және нақты нәтиже бере алатын жобаларды әділ, ашық әрі кәсіби түрде іріктеу. Осы жерде маңызды нәрсе — біз тек идеяларды ғана емес, ойлау деңгейін бағалаймыз. Біз үшін жай ғана бастама емес, жүйелі ойлау, құрылымдарға көзқарас және жобаны іске асыруға…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Тараптар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанына назар аударды. Президент шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені және Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін Моңғолия Президентіне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қазанда Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде көптеген уағдаластыққа қол жеткізілгенін, ал екіжақты қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті. – Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз нығая түсуде. Бірқатар жетістіктер бар. Тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Өнеркәсіп саласына қатысты нақты жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгін елордамызда…
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан кейін Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді. – Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында…
Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканы жаңғыртудың басты бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу ерекше атап өтілді. Бұл бастама бүгінде нақты нәтижесін беріп, өңдеу өнеркәсібі мен энергетика салаларында жоғары технологиялы жобалардың жүзеге асуына жол ашуда. Қызылорда облысындағы «Абзал и К» компаниясы өндірісті цифрлық трансформациялау арқылы жаңа күріш өңдеу зауытын іске қосты. Құны 1 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде өндіріс қуаты 2,5 есеге артты, ал қалдық көлемі 3-4 пайызға дейін азайды. Зауыт сағатына 12 тонна күріш өңдейді. Барлық процесс автоматтандырылып, өнім сапасы цифрлық жүйелер арқылы тұрақты бақыланады. Сонымен қатар кәсіпорын күн электр станциясын пайдаланып, «жасыл» технологияларды енгізуде. Одан бөлек, өңірдегі тағы бір…
Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Оның аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды заманауи экологиялық шешімдер негізінде жаңғырту қарастырылған. Жобаларда қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» технологияларын енгізу көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Жаңа станциялар бу мен температураның аса жоғары критикалық параметрлерінде жұмыс істейді, бұл электр энергиясын өндіру тиімділігін 5–6%-ға арттырып, көмір шығынын азайтуға және зиянды шығарындыларды төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар түтін газдарын тазартуға арналған заманауи жабдықтар орнатылады, оның ішінде шаң мен күлді ұстауға арналған электрофильтрлер мен қап сүзгілер, азот оксидтерінің шығарындыларын азайтатын селективті каталитикалық қалпына келтіру жүйелері, сондай-ақ түтін газдарынан күкірт қосылыстарын жоятын…
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ брифингінде пилоттық режимдегі педагогтарды аттестаттаудың жаңа моделіне қатысты мәліметтер жариялады. Оның айтуынша, бұл қызмет енді тек академиялық көрсеткіштермен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі арқылы бағаланатын болады. Мәселен, педагог-модератор санаты үшін ашық сабақтар саны едәуір қысқартылады: бұрын жыл сайын 5 сабақ өткізу көзделсе, енді аттестаттау кезеңі ішінде барлығы 4 ашық сабақ өткізу жеткілікті болады. Біліктілікті арттыру курстарының көлемі 72 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылады. Педагогтің білім беру ұйымы деңгейінде шығармашылық топтарына, жобаларға қатысуы талап етіледі. Білім беру ұйымында сынып сағаттарын немесе сыныптан тыс іс-шараларды өткізу талабы енгізіледі. Педагог-сарапшылардың жұмысында да ұқсас…
Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік «зәкірлік» іс-шаралар күнтізбесі аясында Жамбыл облысында өңірдің мәдени және табиғи туризмін дамытуға бағытталған екі ірі халықаралық іс-шараны ұйымдастырады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі 2026 жылғы 23 сәуірде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтеді. Фестивальдің ашылуы сағат 10:00-де Dombyra Party бағдарламасымен басталады. Күн бойы қонақтарға киіз үйлер қалашығында концерттік бағдарламалар, Алматы, Түркістан және шетелден келген шеберлердің көрмелері мен шеберлік сабақтары ұсынылады. Көрмелер «Көркемсурет» галереясында, «Қолөнершілер үйінде», сондай-ақ кешеннің ашық алаңдарында ұйымдастырылады. Кешкі бағдарлама сағат 19:00-де басталып, ұлттық киімдер көрсетілімін және HasSak этно-фольклорлық ансамблі, «Қоңыр» тобы, Наркенже Серікбаева…
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапты субъектілердің тізбесі мен Ведомствоаралық комиссияның құрамы кеңейтілді. Сонымен қатар жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» орнықтыруға бағытталған «Заң мен Тәртіп» үстемдігі негізгі қағидаттардың бірі ретінде көрініс тапқан. Заңнамалық деңгейдегі жаңалықтардың бірі – құқық…
Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. – Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
