Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

05.06.2026240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жаңа Су кодексін іске асыру мақсатында министрлік Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды түгендеу жұмыстарын аяқтады. Былтыр қабылданған Су кодексіне сәйкес кәсіпорындар бес жылдық мерзімге арналған айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшу жоспарын әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар қолданыстағы жүйелер ең үздік қолжетімді технологияларды пайдалана отырып жаңғыртылуға тиіс.

Қазіргі уақытта осындай 168 жоспар әзірленген. Мұндай құжаттарды еліміздегі барлық кәсіпорын дайындауы қажет.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есеге артты. 2024 жылға дейін мұндай технологиялар жыл сайын орта есеппен 30 мың гектар алқапқа енгізілсе, 2024 және 2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына 150 мың гектарға жетті.

Былтырдың қорытындысы бойынша Атырау облысында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері арқылы 9,3 мың гектар жер суарылып, нәтижесінде 12,8 млн текше метр су үнемделді. Ал биыл су үнемдеу технологиялары қосымша 800 гектар аумақта енгізілді.

«Біздің міндетіміз – су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ су шығынына жол бермей, оны нақты қажет жерлерге, яғни егістік алқаптарға, кәсіпорындарға және азаматтардың үйлеріне уақытылы жеткізу. Су – тұрақты дамудың, азық-түлік қауіпсіздігінің және халықтың әл-ауқатының негізі. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізумен қатар, суды жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Тек күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ ұрпақ үшін су қорын сақтап қала аламыз», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026594 Views

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026693 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.