Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы әкелінді
Жаңалықтар

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы әкелінді

05.06.2026330 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Қазақстанға «Тирпарк Берлин» хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді. Бұл айтулы оқиға әлемде сақталып қалған жабайы жылқының жалғыз түрінің популяциясын қалпына келтіру және елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жануарлар Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді. Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін, жылқылар арнайы көлікпен «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді.

Жануарлардың келуі Пржевальский жылқысын Қазақстан аумағындағы тарихи мекендеу ортасына қайтару жөніндегі ауқымды бағдарламаның кезекті кезеңіне айналды. Жобаның ағымдағы кезеңі аясында жылқылардың алғашқы тобы Қазақстанға Чехия Республикасынан 2026 жылғы 1 маусымда келген болатын.

Жобаны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асыруда.

Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін елге 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарлануда. 2024 және 2025 жылдары «Алтын Дала» резерватына жануарлардың алғашқы топтары келіп үлгерді, ал ағымдағы жылдың мамыр айында бұған дейін әкелінген жылқылырдың бір бөлігі алғаш рет жабайы табиғатқа жіберілді.

Пржевальский жылқысының оралуы Қазақстан үшін биологиялық әртүрлілікті сақтау, тарихи тұрғыдан жойылып кеткен жануарлар түрлерін қалпына келтіру және табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде ерекше мәнге ие. Жобаны жүзеге асыру далалық экожүйелерді қалпына келтіруге және елдің табиғи мұрасын сақтау жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.