Ауыл шаруашылығы – ШҚО экономикасының стратегиялық мәні айрықша саласы. Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ға, майлы дақылдар – 107%-ға артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-ы өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Агроөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Қытай, Ресей және Өзбекстанмен өзара іс-қимыл жолға қойылған. «Біз ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны – 50 млн АҚШ долларына май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасастық. Сол сияқты мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына…
Автор: un_admin
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. «Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатқа биыл бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жөнінде айтты. Спикер ведомство тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда тұрғанын хабарлады. «Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 300 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасын бұзудың 6 500 фактісін анықтады. Қазіргі таңда олардың 80%-ы жойылды. Ең көп құқықбұзушылықтар – 5 мыңнан астам жағдай (80%) еңбек қатынастары саласына тиесілі. Атап айтқанда, еңбекақының уақытылы және толық көлемде төленбеуі, еңбек шарттарын рәсімдеу және тоқтату тәртібінің сақталмауы, сондай-ақ қызметкерлердің демалыс алу және жұмыстан босату…
Президентке Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндалды. Ерлан Қариннің айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғалы бері бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан осы мәселеге қатысты 300-ге жуық ұсыныс келіп түсті. Бұдан бөлек, 6 саяси партия, атап айтқанда, «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Respublica», Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдады. Онда бір палаталы парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған. Сонымен қатар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сарапшылық материалдар әзірледі. Қазір барлық ұсынысты талдау және жүйелеу ісі қолға алынды. Жұмыс тобының екінші…
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, басқа өңірлерден келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері, Еркін Нұржанұлының қарындасы Күләш Нұржанқызы қатысты. Аймақ басшысы қайраткердің Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Еркін Нұржанұлы – білімділігімен, халықшыл мінезімен, биік парасатымен ел дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Ұлтымыздың талантты перзентінің есімі Сыр жұртшылығының есінде табандылығымен, адалдығымен, іскерлігімен сақталды. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы МТС-тің бас агрономдығынан…
Кейінгі жылдары Сыр өңіріндегі өрісті бастамалар туралы жұрт лебізін жиі естиміз. Аз уақыт ішінде қай сала бойынша да көш басына шыққан аймақта тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар да нәтижесіз емес. Жұрт игілігіне жарайтын жобалар жүзеге асып жатқан өңірдегі оң өзгерістер туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тарата айтты. – Нұрлыбек Машбекұлы, Мемлекет басшысы жақында облысқа жұмыс сапары барысында өндіріс, мәдениет, спорт нысандарымен, аймақ инфрақұрылымын дамыту жұмысымен танысып, оң баға берді. Осы ретте Президент өңірде инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыруды тапсырды. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Мемлекет басшысының әр сапары бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Президентіміз жұмыс сапарын «Қорқыт…
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен «Zhongwei Xinneng» технологиялық компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Жобаның жоспарланған жалпы инвестиция көлемі 880 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба іске асқан жағдайда аймақтың энергетикалық инфрақұрылымы жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Әкімдік тарапынан жер учаскелерін бөлу, рұқсат беру рәсімдерін жеделдету және қажетті әкімшілік қолдау көрсету қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысты үйлестіру мақсатында екіжақты жұмыс тобы құрылатын болады. Аймақ басшысы баламалы энергия жобасы облыс үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Екі елдің Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин…
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлымен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Абай облыстық филиалының жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды бірлесе іске асыру, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері жан жақты талқыланды. Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметін, жобаларын таныстырып, қазақ тіліндегі контентті дамытуға, қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл және сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға, мемлекеттік тілдің интернетте, әлемдік цифрлық платформаларда және Google жүйесінде қолданысын кеңейтуге, білім саласын цифрландыруға қатысты ойларын ортаға салды. Аймақ басшысы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер мен бастамалардың маңызын атап өтіп, жұмыс барысында назарға алынатынын айтты.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жалпы құны 54 млрд теңгеден асатын 7 ірі жоба қаралды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы жаңа өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған. Отырыста ұсынылған жобалар Семей қаласы, Жарма, Жаңасемей, Бородулиха және Аягөз аудандарында жүзеге асырылмақ. Инвесторлар гастро-парк ашу, ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркін салу, дәнді дақылдар мен күнбағысты тамшылатып суару арқылы өсіріп, қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа шығару, қойма логистикасын дамыту, қонақүй кешендерін салу сияқты жобаларын таныстырды. Аталған жобалар жүзеге асқанда…
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 161,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Өзбекстаннан, 42,3% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 2,9% – Монғолиядан, 2,6% – Ресейден және 2,5%-ы басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,9%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,2%-ы жоғары білімді, 28,2%-ы орта кәсіби білімді, 50,5%-ы жалпы орта білімді, және 6,1%-ы білімі жоқ. Қоныс аударған…