Автор: un_admin

Президент Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді. Қазіргі уақытта кәсіпорын халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруда, инфрақұрылымды дамытуда, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуде маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады. Сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан салалар қатарында аса маңызды минералдар, көлік-логистика, табиғи апаттардың алдын алуға арналған технологияны енгізу бағыттары бар. Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою…

Read More

Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті. Президент компанияның Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салу туралы шешімін құптады. Хироюки Огава стратегиялық тұрғыдан маңызды нарық саналатын Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол екеніне тоқталды. Ол жаңа кешеннің аймақтағы тау-кен компанияларының техникаларын аз уақыт ішінде төмен бағада жөндейтін әрі оларға жедел сервистік қызмет көрсететін өңірдегі ірі хабқа айналатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өндірісті локализациялауға, елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық…

Read More

Биыл Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсімге ие. Өңірге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Осы нәтижемен өңір республика бойынша 2-орынға шықты. Тартылған қаражаттың 80%-ы — жеке сектордың қаражаты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде хабарлады. Оның айтуынша, қазір өңірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Өнеркәсіптің қарқынды дамуы – экологияға белгілі бір әсер ететінін жақсы түсінеміз. Сондықтан өңірдің индустриялық өсуін сақтай отырып, ластаушы заттарды азайтуға басымдық беріп отырмыз. Мысалы, соңғы бір айда Екібастұзда ашылған екі…

Read More

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі бірқатар саланың даму жайына тоқталып өтті. Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл көрсеткіш 225 млрд теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде диқаншылар рекордтық 1,1 млн тонна астық жинады. Саланың дамуы азық-түлік бағаларының тұрақты сақталуына септігін тигізіп отыр. Облыс бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға теисілі. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде сақталуда. 25,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде апаттық мектептерді жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 5 жаңа мектеп салынды. Қосымша 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса, 20 млрд теңгеге 58 әлеуметтік нысанды жөнделіп, 22 жаңа…

Read More

Биыл Павлодар облысында 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстары жүзеге асты. Бұл жұмыстар апаттық жағдайлардың алдын алып, тозу деңгейін барынша төмендетуге және 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыс халқы 100% сапалы ауыз сумен толық қамтылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ өңірде 600 шақырымнан астам республикалық маңызы бар, жергілікті және елді мекендердегі жолдар жөнделді. Оның басым бөлігі — 445 шақырымдық жергілікті жолдар. Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыс көлемі 52%-ға жетті, ал жобаны аяқтау 2027 жылға…

Read More

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қауіпсіз қала» жобасы туралы айтып, оны іске асыруға бюджеттен 9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған. «Біз бұл қаржыға бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алып жатырмыз деген ақпарат тарады. Алайда біз сервистік модельді таңдадық. Яғни, конкурс жеңімпазы болған компаниядан 3 жыл бойы бейнебақылау қызметі мен сүйемелдеу аламыз. Біз жабдықты сатып алмаймыз. Үш жылдан кейін бұл жабдық бізге өтеусіз негізде беріледі. Бұл модель облысты қажетті бейнебақылау камераларымен қамту үшін әзірленді. Павлодар облысы елдегі тас жолдар мен қиылыстарда…

Read More

Кездесу барысында қазақстандық тау-кен кәсіпорындарының жапондық компаниямен ынтымақтастығын кеңейту перспективасы қаралды. Мемлекет басшысы Hitachi Construction Machinery компаниясының өңірдегі басты серіктесі саналатын Қазақстан өзара тиімді байланыстарды тереңдетуге дайын екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, алдағы уақытта кен орындарының қажеттілігі үшін өндіріс локализациясы мен құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне басымдық беру маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу және дербес көлік жүйесі бірлескен жұмыстың перспективті бағыттары бола алады деп санайды. Масафуми Сэнзакидің айтуынша, компанияның басты мақсаты – жаһандық деңгейдегі, сонымен бірге Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру аясында жоғары технологиялы, төмен көміртекті, қауіпсіз шешімдер әзірлеу әрі оны өндірісте қолдану. Hitachi Construction Machinery – құрылыс және тау-кен техникаларын…

Read More

М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде «Ғасыр қанатындағы ғибрат ордасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шара мектептің бір ғасырлық білім мен тәрбие жолын айшықтаған тарихи-танымдық конференциямен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Конференция барысында бірқатар белгілі түлектер мен сала мамандары баяндама жасап, мектептің әр кезеңдегі даму жолына тоқталды. Атап айтқанда, Дәулет Омаров – «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық тобының мүшесі «Қызылорда тарихы: мұрағат пен мұражай қорында» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өңір тарихы мен білім ордасының сабақтастығын ғылыми тұрғыда тарқатты.

Read More

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік құрылыс нысандарының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері талқыланды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров баяндады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша негізгі 9 көрсеткіштің 6-ы бойынша оң өсім қалыптасқан. Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және тұрғын үйді пайдалануға беру бағыттарында жыл қорытындысына дейін көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері қосымша резервтерді анықтау…

Read More

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Read More