Автор: un_admin

Жалған ақпаратпен күрес орталығы «дағдарыстық фрейминг» деп аталатын тәсілге арналған жаңа шығарылымын ұсынады. Бұл – жекелеген оқиғаларды әдейі жүйелік қауіп деңгейіне дейін ұлғайту әдісі. Шығарылымда ақпараттық күн тәртібіне саналы түрде талдау жасау жайында түсініктеме беріледі.

Read More

Қызылордадағы қолданыстағы ескі жылу- электр орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, екі қазандық пен бір турбогенераторы болған. Орталық 67 мегаватт электр энергиясын өндіріп,облыстың тұтыну көлемінің тек 30 пайызын қамтып келді. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу- электр орталығы құрылысы аяқталып, іске қосылды. «Aksa Energy» түрік компаниясы қолға алған жобаға 215 млрд теңге инвестиция салынған. Жоба бойынша қуатылығы 176 МВт 2 газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), 95 МВт бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы (ACBOILERS, Италия), 150…

Read More

Бүгінде KazGASA — жай ғана сәулет университеті емес, Қазақстанда жаңа инженерлік мектепті қалыптастырып отырған орталық. Мұнда білім беру саланың технологиялық өзгерістерімен тікелей байланысты BIM, жасанды интеллект, дрондар, роботтандыру және сейсмикалық қауіпсіздік сияқты бағыттар оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізілген. Экономиканың қарқынды цифрлық трансформациясы мен білім беру жүйесіндегі ауқымды реформалар аясында академия мемлекеттік деңгейде қалыптасып жатқан жаңа тәсілдерді іс жүзінде жүзеге асыруда. Нәтижесінде мұнда мамандар даярлаудың жаңа моделі қалыптасқан және ол тәжірибеге бағытталған, технологиялық және саланың нақты процестерімен тығыз интеграцияланған. KazGASA болашақ құрылыс саласын айқындайтын BIM-модельдеу, цифрлық жобалау, 3D-басып шығару, сәулеттегі жасанды интеллект, сандық өндіріс және роботтандыру сынды негізгі технологияларға басымдық береді.…

Read More

20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен әлем кубогының кезеңі өтеді.  Ұлттық құраманың бапкерлер штабы аталған бәсекеге қатысатын боксшылардың тізімін жариялады. Ерлер 50 келіге дейін: Даниял Сәбит 55 келіге дейін: Бағлан Кенжебек 60 келіге дейін: Жансері Көшербаев 65 келіге дейін: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 70 келіге дейін: Фарух Тоқтасынов 75 келіге дейін: Санжарәлі Бегалиев 80 келіге дейін: Диас Молжігітов 85 келіге дейін: Сұлтан Айбарұлы 90 келіге дейін: Дәулет Төлемісов Әйелдер 51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова 54 келіге дейін: Назым Қызайбай 60 келіге дейін: Виктория Графеева 65 келіге дейін: Аида Әбікеева 70 келіге дейін: Наталья Богданова 80 келіге дейін: Жібек…

Read More

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы, ана рөлі және әйелдің ішкі еркіндігі туралы ой қозғап, көпшіліктің назарын аударды.  Ол өз жазбасында тұрмыстағы тәжірибеден алынған мысал арқылы аналық рөлде жіберілетін қателіктер жайлы сөз етті. Тележүргізушінің айтуынша, кей аналар бала тәрбиесінде бар жауапкершілікті өз мойнына алып, олардың күн тәртібін шамадан тыс жүктеп қояды. Жазбада балаларының мектептен бөлек түрлі үйірмелерге қатысып, күн сайын тынымсыз режимде жүргені айтылған. Бір сәтте балалардың шаршағанын байқаған отбасы мүшелері бұл жағдайға басқа қырынан қарауға мәжбүр болған. Осыдан кейін олардың күн тәртібіне өзгеріс енгізіліп, артық жүктемеден бас тартылған. Ләйлә Сұлтанқызы сондай-ақ әйел адамның тұрмыс құрғаннан кейінгі ішкі өзгерісіне…

Read More

Атыраудағы атышулы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезияда қолға түсуіне қатысты жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды kznews.kz. Индонезиялық құқық қорғау органдарының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге полиция кірген сәтте күдікті қашуға әрекет жасаған. Алайда ол оқиға орнында ұсталған. Арнайы операцияға Индонезиядағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметінің өкілдері жұмылдырылған. Тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып келген. Кейін олар Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Read More

Бұған дейін біз Қазақстандағы агросекторды мемлекеттік қолдау туралы сараптама материал жариялап, онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің биылға 3 пайызға ғана өскеніне тоқталған болатынбыз. Және көтерілген тақырып аясында 2025 жылғы субсидия көлемінің 500 млрд теңге болғанын, соған сәйкес мемлекеттік қолдаудың қайтарымы төмен екені де айтылған еді. Мәселеге орай kznews.kz порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2026 жылға бағдарланған субсидия көлемі мен құрылымын нақтылауды және мемлекеттік қолдау қаржыға қандай шаруашылықтар мен өнеркәсіп орындары ие болатыны туралы да ақпарат беруді сұраған еді. Редакция сауалына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафинен ресми жауап келді. — Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау субсидиялау түрінде ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және…

Read More

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық одаққа (ЕО) шикі мұнай жеткізетін ірі елдердің арасында екінші орынға көтерілді. Бұл туралы ЕО Кеңесінің деректерінде айтылды.  Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Қазақстан Еуропа нарығына 55,8 млн тонна мұнай экспорттаған. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз тек АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Америка Құрама Штаттары ЕО-ға 63,5 млн тонна мұнай жеткізген. Ал бұған дейінгі негізгі жеткізушілердің бірі саналатын Норвегия үшінші орынға сырғып, 55,7 млн тонна көлемінде экспорт жасаған. Осылайша Қазақстан Норвегияны небәрі 100 мың тонна айырмашылықпен артта қалдырды. ЕО Кеңесінің мәліметінше, 2025 жылы АҚШ, Қазақстан және Норвегия Еуроодақтың мұнай импорты бойынша басты серіктестері атанды. Қазақстанның үлесіне ЕО-ға…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы. «Шаруаларға қаржылық жүктемені азайту мақсатында  Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері  астық тасымалдауға байланысты шығыстарды  қосымша қаржыландыру мәселесін шешуі қажет. Мал және өсімдік шаруашылығы салалары бойынша  қарыздарға кепілдік беру құралын іске асыру үшін  Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне және «Бәйтерек» холдингіне  қажетті қаражат көздерін  қарастыруды тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейту тұрғысында  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға  инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын сатып алу үшін  агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға  мүмкіндік беру қажеттігін…

Read More

Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, мемлекет шаруалар шығынын өтеу көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Енді мемлекеттік қолдау су алу инфрақұрылымына, сондай-ақ суару жүйелерін сатып алу мен орнатуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтейді. Соңғы екі жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі жыл сайын шамамен 150 мың гектарға артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың жалпы көлемі 543,5 мың гектарды құрады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. 3. Егіс алқаптарын лазерлік тегістеу — 62,6 мың га Бұл технологияда егіс алқабының беті лазерлік жабдықтың көмегімен сантиметрлік дәлдікпен тегістеледі.…

Read More