Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы барлық вице-министрлерді қызметінен босатты. Министрдің орынбасарлары — Шохрух Далиев, Отабек Махкамов және Сарвархон Бузрухонов қызметінен кетсе, Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі мен Инновациялық даму агенттігінің басшылары да қызметтерінен айырылды. Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың айтуынша, мектепке дейінгі және жалпы білім беру саласында өзгерістер бар, бағдарламалар іске қосылып, нақты нәтижелер көрініп отыр. Дегенмен, кәсіби және жоғары білімге жауапты тұлғалар білім саласындағы реформалардың мәнін әлі толық түсінбеген. Президенттің сыны Сейсенбі күні мектепке дейінгі және жалпы білім беру жүйесіндегі реформаларға арналған кеңесте сөйлеген Мирзиёев: «Мектепке дейінгі және орта білім беруде өзгерістер бар, бағдарламалар…
Автор: un_admin
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады. Министрлік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға күш салып жатыр. Бүгінде бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге шамамен 8 теңге жеке инвестиция тартылады, ал 1,4 теңге қазынаға салық түрінде қайтарылады. АЭА іске қосылғалы бері жалпы құны 10 трлн теңгеге жуық 532 жоба жүзеге асырылса, оның 85-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асқан. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 800 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Әрбір арнайы экономикалық аймақ инвестиция, жұмыс орындары мен технология түрінде нақты қайтарым әкелуге тиіс.…
Үкімет отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан жаңа тәсілдер туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін трансформациялауды жүзеге асырып жатқанын еске салды. Мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің санаттық қағидатынан мұқтаждықтың ашық және объективті критерийлеріне көшу жүзеге асырылуда. Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында пилоттық жобаның нәтижелері негізінде бүкіл ел бойынша Бірыңғай цифрлық платформаны толық көлемде енгізу басталды. «Мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге байланысты жергілікті деңгейдегі барлық бастапқы бизнес-процестер цифрландырылатын болады. Бұл бірыңғай жүйеде…
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Су саласын жаңғырту және орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді жүйелі шешу үшін министрлік 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын, су саласын дамытудың Кешенді жоспарын және жаңа Су кодексін қамтитын құқықтық және институционалдық базаны қалыптастырды. Бұл құжаттар гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандырудан бастап озық цифрлық технологияларды енгізуге дейінгі негізгі нысаналы индикаторлар мен оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды бекітеді», — деді Нұржан Нұржігітов. 2024 жылғы шілде айында білікті мамандар тапшылығын кешенді шешуге бағытталған мамандандырылған…
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында шетелдік туристерді тарту және осы үдерісті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Бүгін Үкімет отырысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында туризм саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерден тыс аумақтарда, оның ішінде ұлттық парктердің аумағында туристік инфрақұрылым салу құқығы берілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жерлерінде фермерлерге агротуризмді дамытуға мүмкіндік беру қарастырылып отыр. Бұл бағытта жеңіл құрылыстар мен аз қабатты қонақ үйлер салуға рұқсат берілмек. Қосымша мынадай шаралар қарастырылған: қонақ үйлерге жұлдыз беру жүйесін…
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздегі сапалы көмір қорының мол екенін ескере отырып, көмір энергетикасын озық әрі экологиялық технологияларды пайдалану арқылы дамытуға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті. Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осы міндетті іске асыруға қатысты жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Ол жаһандық декарбонизация үрдісін және ұлттық көміртек ізі азайту бағытын ескере отырып, Қазақстан «таза көмір» технологияларын таңдағанын айтты. Бүгінгі күні елімізде энергетикалық көмірдің расталған қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Мұндай жағдайда жақын перспективада көмір генерациясынан толық бас тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Оның орнына озық технологияларды пайдалану арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсіл іске асырылады. «Осыған…
Мемлекет басшысына Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді. Эльвира Азимованың айтуынша, 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр. Қасым-Жомарт…
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ын құрайды. Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 221 мың тонна майлы дақыл, 933 мың тонна картоп (орташа өнімділік – 242,4 ц/га), 2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс (өнімділік – 299,8 ц/га), сондай-ақ 2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділік – 275 ц/га) жинады. Оған қоса, 358,1 мың тонна қырыққабат (өнімділік – 369,3 ц/га), 448,1 мың тонна пияз (409,9 ц/га), және 137,8 мың тонна сәбіз (314,7…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.