Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді
Жаңалықтар

Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді

26.12.2025117 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы жылдары қабылданған ауқымды реформалардың нәтижесінде еліміздің білім беру ұйымдарында педагогтер мен оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, мұғалімдердің кәсіби қызметіне тән емес жұмыстарға тартылуына шектеу қойылып, олардың құқықтық қорғалуы күшейтілді, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл өзгерістердің тиімділігін халықаралық зерттеу нәтижелерінен де көруге болады. Биыл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жариялаған TALIS–2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша қазақстандық педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар көрсеткіш артқан. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

Зерттеуде Қазақстан «педагог еңбегі бағаланады» деп есептейтін елдердің қатарында екінші орында, мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі жоғары бес елдің қатарында.

«2018 жылы жалақыға көңілі толатын мұғалімдердің үлесі небәрі 39% болса, былтыр бұл көрсеткіш 71%-ға жетті. Бұған педагогтердің жалақысының соңғы бес жылда 2 есе артқаны дәлел бола алады. Бүгінде мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайды, бұл олардың балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруіне және ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасауына мүмкіндік берді. Нәтижесінде, мұғалімдердің еңбек жағдайына қанағаттану деңгейі  95%-ды құрады», – деді спикер.

Сонымен бірге педагогтердің құқықтарын қорғау – үздіксіз бақылауды қажет ететін процесс. Осы тұрғыдан алғанда, жекелеген өңірлерде «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормаларын бұзу фактілері әлі де кездеседі. Атап айтқанда, заң қабылданғаннан кейінгі алты жылда педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері үш есе азайды. Бұзушылықтардың басым бөлігі заң қабылданған алғашқы жылдары тіркелді. Мысалы, 2020-2022 жылдары 111 бұзушылық дерегі ресми түрде тіркелсе, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 38-ге дейін азайған. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі педагогтердің кәсіби қызметіне тән емес жұмыстарға тартылуына қатысты.

Бұдан бөлек, педагогтердің ар-намысына тию, балағаттау фактілері тіркелген. Сондай-ақ мұғалімдерді баспасөз басылымдарына мәжбүрлеп жаздыруға қатысты, концерт билеттерін сатып алуға немесе түрлі іс-шараға көрермен ретінде қатыстыру бойынша деректер анықталған. Педагогке құрметсіздік таныту, оның ішінде масс-медиа мен әлеуметтік желілер арқылы ар-намысына тию фактілері бойынша аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері тарапынан оқушылардың ата-аналарына 12 әкімшілік іс қозғалды. Бұл шаралар педагогтің заңмен қорғалатын мәртебесінің нақты іске асырылып жатқанын көрсетеді. Аталған фактілер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 409-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Бұл норма ескерту жасаудан бастап, қайталанған жағдайда айыппұл салу түріндегі әкімшілік санкцияларды қамтиды.

Биыл Республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Аталған Заң жобасында  педагогтердің құқығын бұзған, құрметсіздік көрсеткен азаматтарды жауапкершілікке тарту шараларын күшейту нормалары қарастырылуда. Яғни, бұрын бірінші рет орын алған педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша ескерту берілетін болса, енді бұзушылыққа жол берген азаматтар бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ педагогтерді қағазбастылықтан арылту, балаларға қатысты мектептен тыс орын алған кез келген жазатайым жағдай үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейту шаралары көзделуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.