Автор: un_admin

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді. Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асуда: ▪️ Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, электр беру әуе желілерін ЖИ-дефектоскопиялау. Компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары 4K-камералар, жылу анықтау және лидар жүйелерінен алынған деректер негізінде тірек конструкциялары мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды және басқа да жасырын тәуекелдерді автоматты түрде анықтауға…

Read More

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар, тұтас түркі жұртына ортақ тақырыптарды да көтеріп жүреді. Бұл өте жақсы дәстүр деп санаймын. Шетелде жұмыс істеп, түрлі салада табысқа жеткен қазақтар туралы мақалаларды қызығушылықпен оқимын. Қазақстан мен өздері тұрып жатқан елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып жүрген осындай үш…

Read More

Қымбатты отандастар! Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз. Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады. 2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемдегі ахуал күрделі болса да, экономикамыз өркендеп, ішкі жалпы өнім 6 пайыздан асты. Қазақстанның алтын-валюта қоры 62 миллиард доллардан асты. Елге ауқымды инвестиция тартып, бірқатар ірі жобаны жүзеге асырдық. «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды. Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Сондай-ақ…

Read More

Сурет ашық дереккөзден алынды Қазіргі цифрлық әлемнің негізін қала­ған тұлғалардың бірі Алан Тьюринг. Ғалымның еңбектерінде бүгінгі компьютер, алгоритм, жасанды интеллект ұғымдары алғаш рет қарастырылған. Тағы бір қызық жайт, Екінші дүние­жүзілік соғыс кезінде Алан Тьюринг неміс армия­сы қолданған «Enigma» шифрын бұзуға көмектескен. Бұл әрекет соғыстың ертерек тоқтауына әсер етіп, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Алайда оның еңбегі ұзақ уақыт құпия күйінде қалды. Соғыстан кейін Тьюринг ғылыми зерттеулерін жалғастырып, «машина адамша ойлай ала ма?» деген сұрақты ғылыми деңгейде көтерген. Бұл сұрақ бүгінгі жасанды интеллект дамуының философиялық өзегі саналады.

Read More

Фото: ЖИ Жаңа жыл қарсаңындағы сапарлар әрқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алыс жолға шыққан азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар үшін маңызды шешімдер қабылдады. Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артып, жаңа буынның вагондары жолға шықпақ. Ең бастысы – халықтың көкейінде жүрген билет бағасының өсуіне қатысты сауалға нақты жауап берілді, деп жазады Egemen.kz. Жаңа жылдық кесте: Билет бағасы мен қосымша вагондар Мереке күндеріне орай ҚТЖ жолаушыларға жағымды жаңалықтар әзірлеп отыр. Компанияның мәліметінше, мереке қарсаңында билет бағасы өзгеріссіз қалады. Керісінше, сұраныс жоғары бағыттар бойынша тасымал мүмкіндігі артады: Алматы – Астана: №201 және №202 пойыздары Алматыдан 20,…

Read More

Үкімет 2026 жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлаған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, тиісті заң жобасы әзірленіп, 2025 жылдың соңына қарай парламентке енгізіледі. Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жаңа жүйе табиғи зілзалалар салдарынан тұрғындардың қаржылық қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz. 2024 жылы еліміздің бірнеше өңірінде болған су тасқындары, жер сілкіністері үлкен шығынға батырғаны белгілі. 2025 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, «Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы» заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатты. Құжатты жыл соңына дейін парламентте мақұлдап, 2026 жылдан күшіне енгізу жоспары жарияланған. Дегенмен, жыл соңындағы парламент жұмысына көз жүгіртсек, бұл заң әлі толық қабылданғаны…

Read More

Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәттен бастап еліміздің тыныс-тіршілігінде айтулы өзгерістер болады. Қаңтар айы азаматтар үшін тек демалыс күндерімен ғана емес, құқықтық және экономикалық маңызы бар жаңа ережелермен есте қалмақ. Бұл айда бізді 12 демалыс пен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп жазады Egemen.kz. Фото: ЖИ Салық кодексі: Экономиканың жаңа тынысы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің экономикалық қатынастарын реттейтін негізгі құжат – жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Мұндағы ең маңызды өзгерістердің бірі – Қосылған құн салығының (ҚҚС) 12% деңгейінен 16% деңгейіне дейін көтерілуі. Сонымен қатар ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 1 қаңтардан бастап…

Read More

Көкшетау қаласында 2024 жылдың қазан айында басталған 630 төсек-орындық жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. Жоба еліміздің денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды және жүйелі инфрақұрылымдық жобалардың бірі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Нысанның құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және Ақмола облысы мен бүкіл Солтүстік макроөңір үшін стратегиялық маңызы бар. Осы жылдар ішінде өңірдегі стационарлық медициналық көмек шашыраңқы және моральдық тұрғыдан ескірген инфрақұрылым жағдайында көрсетілді. Көкшетаудағы жаңа аурухана қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Жоба қабылдау-диагностикалық қызметтерді, шұғыл медициналық көмекті, хирургиялық және терапиялық бөлімшелерді, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту қызметтерін бір кеңістікте біріктіретін…

Read More

Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде 66 ФАП, оның ішінде 51-і қайтарылған активтер есебінен салынды. Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Балқаш қаласында балаларға арналған оңалту орталығы үшін ғимарат жөнделді, Онкология орталығының операциялық-реанимациялық блогын жарақтандыруға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Онкология орталығына заманауи желілік үдеткіш пен компьютерлік томограф алынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Облыстық ауруханада «Диабеттік табан» орталығы ашылып, эндоскопиямен жабдықталған реанимация бөлімі іске қосылды. Мақажанов атындағы клиника үшін Remebot RM-200 нейрохирургиялық роботы сатып алынды. МСАК ұйымдарында үздік практикалардың 6 орталығы ашылды. Өңірге 137 жас дәрігер келді, оның ішінде 61 маман ауылдық жерлерге жіберілді. 14 дәрігер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 30…

Read More

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде Ақтөбе облысының тау-кен металлургия саласына арналған өңірлік білім беру-өндірістік кластері ресми түрде ашылды. Жоба Қазақстанда алғаш рет кадр даярлаудың үздіксіз жүйесін қалыптастырды: білім беру үдерісі мектепке дейінгі жастан басталып, мектепте, колледжде және өндірісте жалғасады. Бұл модельдің нәтижесі – түлектердің тау-кен металлургия саласының жетекші кәсіпорындарына 100% жұмыспен қамтылуы, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі бүгінде кәсіби-техникалық кадрлар даярлау бойынша елдегі ең мықты оқу орындарының бірі ретінде танылып отыр. «Хромтау тау-кен техникалық колледжі кәсіби кадрлар даярлауда тек өңірлік емес, республикалық деңгейде де локомотив болып отыр. Жақында колледж ұлттық білім беру ұйымдары байқауының қорытындысы бойынша елдегі үздік оқу орны…

Read More