Автор: un_admin

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 427,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 319 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 74,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады. Мүгедектігі…

Read More

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған, ұлт ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Осыған орай, Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, онкүндік жарияланды. Онкүндіктің әрбір күніне «Тіл болашағы – балабақшада», «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі», «Қауырсын қалам», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – ғұмыр», «Тіл туралы толғамдар», «Жастар және тіл», «Тіл және қоғам», «Мемлекеттік тіл – қоғамдық көліктерде», «Сөз маржанын терсеңіз» тақырыптары…

Read More

Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Ақордада ыждағатпен тыңдағандардың қатарында болдым. Бұл – қырық жылдан астам өмірін ауыл шаруашылығы саласына арнаған мен сияқты еңбек адамдары үшін зор мәртебе.  Жолдау – болашақ үшін бағдар болатын, жауапкершілікті айқындап беретін саяси құжат. Одан туындайтын міндеттер орындалуымен құнды. Президенттің әрбір сөзі еліміздің даму жолына тірек бола алады. Соның ішінде біз секілді еңбек адамдарын бағалауы, қоғамдағы орнымызды нығарлауы көңілімнен шықты. – Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет, бұл – анық нәрсе. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір…

Read More

Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл ол 14 қыркүйекке сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы институтын нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған мәдени, білім беру және әлеуметтік іс-шаралар өтеді.

Read More

Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша онкогематологиялық аурулар кезінде мамандандырылған көмекті қоса алғанда, балалар денсаулығын дамытуға бағытталған ауқымды бастамалар іске асырылады. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде балалар онкогематологиясын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға, балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық құруға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Елімізде диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілді: иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, онкомаркерлерді анықтау, сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомаларында жоғары дозалы химиотерапия, сондай-ақ 3D-модельдеу технологиялары мен «өсіп келе жатқан» эндопротездерді қолдана отырып ағза сақтайтын операциялар. Жыл сайын 556…

Read More

Құрметті депутаттар! Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет. Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін. Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары және Үкімет мүшелері! Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және жауапты сала басшыларымен бірге 11 мың орындық стадионның құрылыс алаңына барды. Жаңа стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ бар. Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыруға, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған, емдік массаж бөлмелері қарастырылған. Медпункт, допингтік бақылау бөлмесі, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан. Ал шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу залдары, қыздырыну бөлмесі бар. Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтармен және VIP-кабинеттермен қамтылған. 4 автобусқа арналған автотұрағы, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын…

Read More

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 349,7 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 200 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20,2 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген.…

Read More

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы. Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады: Әлімжан…

Read More

Анонимді арналар «құпия инсайдтар» мен «сахна сыртындағы шындықты» ұсынатындарын айтады. Бірақ шын мәнінде – бұл қоғамдық пікірге қысым жасау технологиясы. Анонимділіктің сыртында манипуляциялар, тапсырыспен жасалған материалдар және бопсалау жасырынған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында мына тақырыптар талданды: — анонимділік неге тиімді; — олардың жарияланымдарының механизмі қалай құрылады; — псевдожурналистер қалай ақша табады; — неге заң ресми БАҚ-қа да, анонимді әкімшілерге де бірдей қатал. Жаңа шығарылымды көріп, өзгенің манипуляцияларына берілмеңіз.

Read More