2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында Қоғамдық даму басқармасының «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» жобасы аясында «Ерлік пен патриотизм – ұлттық бірліктің негізі» атты облыстық конференция ұйымдастырылды. Шараға әскери қызметкерлер, ардагерлер, ұстаздар және студент жастар қатысты. Конференция барысында ұлттық бірлікті нығайтудағы ерліктің маңызы, елді қорғау – қасиетті борыш екені кеңінен айтылды. Алғы сөз сөйлеген 5547 әскери бөлімінің капитаны Бекзат Бегалы әскери қызметтің жас ұрпаққа өнеге боларлық құндылық екенін атап өтіп, сарбаздарға жасалып отырған әлеуметтік қолдауларға тоқталды. Ол жастарды Отан алдындағы борышын адал өтеуге шақырды. Сонымен қатар, азаматтық қорғау майоры Олжас Тұрсынбайұлы құтқарушылардың ерлігін, теолог Бақтияр…
Автор: un_admin
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 78,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты…
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды. Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде…
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті. Келіссөзге дейін Ақорда резиденциясында Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылы ротасының бастығы президенттерге рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз залына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты. – Сіздің бұл алғашқы ресми сапарыңыз ынтымақтастығымызды нығайту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Мажарстан – біздің егемендігімізді алғаш мойындаған еуропалық мемлекеттердің бірі. Ал Будапешт – ресми дипломатиялық миссиямызды қабылдаған бірінші еуропалық қала. Сондықтан Сіздің еліңізбен көптеген саладағы тығыз ықпалдастықты қолдаймыз. Екі елдің мүддесіне сай келетін бұл үрдіс…
Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты. Алдағы жауапты науқанға дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті. Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталып, 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын. Алдағы маусымға 139 мың тонна көмір керек, оның 117 мың тоннасы халықтың,…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа стадионның ашылуына дайындық барысы пысықталған жиналыстан кейін Қазақстан футбол федерациясының жарыстарды ұйымдастыру директоры Бақытжан Пазылхайырмен бірге Орталық стадиондаға барып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. Қызылордадағы 11 мың орындық Орталық стадион жақын күндері ашылады деп күтілуде. Жаңа нысан халықаралық стандарттарға, УЕФА талаптарына сай, соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Спорт ғимаратының жалпы аумағы 20 мың шаршы метр, жасыл алаңнан бөлек, бокс, күрестің үш түрінің, атап айтқанда, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдарынан тұрады. Келушілерге жыл он екі ай сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндік бар. Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында жаттығу залдары,…
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Naman ata спорттық кешенінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос оқушылары арасында «Kazakh national games» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Жарыс бес кезең бойынша өрбіді. Қатысушылар садақ ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес және асық ату сияқты ұлттық ойындарда өз шеберліктерін сынады. Сайысқа қала мектептерінен №198, №9, №23, №112 және №8 мектеп оқушылары белсене қатысып, ұлттық рухты көтерген тартысты доданың көрігін қыздырды. «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев жарыс барысында сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында мұндай игі бастамалардың жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық ойындар…
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…
Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды. Ділмұхамед Мнуарбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Тау-кен инженері», Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Сырдария Мұнай» АҚ-ның бұрғылаушысы болып бастаған. 2001-2016 жылдары «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ оператор болып жұмыс істеген және түрлі кәсіпкерлік салаларында қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап «Далатекс» серіктестігінің директоры. Қалалық мәслихаттың 7 және 8-ші шақырылым депутаты болды. Ділмұхамед Мнуарбекұлы «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы,…
2025 жылғы 1 қазанда Жаңақорған ауданында қоғамның діни сауаттылығын көтеру мен жастарды теріс ағымдардан қорғауға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Іс-шараларға Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, белгілі теолог Бақтияр Есенгелдіұлы арнайы шақырылып, әртүрлі әлеуметтік топтармен мазмұнды кездесулер өткізді. Ол жастармен, еңбек ұжымдарымен, мемлекеттік қызметкерлермен, дін өкілдерімен, осал топтармен, маргинал жастармен және вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтармен жүздесіп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Бұл кездесулер Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасы аясында, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты. Кездесу…
