Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі
Жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі

29.12.2025216 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгені құрайды.

Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан 70 жастағы зейнеткердің бюджеттен төленетін зейнетақысының мөлшері 2025 жылы 171 588 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге. 2026 жылғы 1 қаңтардағы арттыруды ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 132 811 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ төлемдері кірмейтінін атап өткен жөн.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюына бірнеше мысал:

· 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;

· мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;

· I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Төлемдердің мөлшері жеке дара болып табылады және соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026103 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026258 Views
Соңғы жаңалықтар

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.