Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды
Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды

26.12.2025253 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылдан бастап Қазақстанда Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Ол дәстүрлі әлеуметтік және медициналық модельден мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшуді көздейді. Жаңа модельді енгізу мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту сапасын және әлеуметтік қызметтердің деңгейін арттыруға, олардың экономикалық дербестігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды жою мақсатында ұлттық заңнама қайта қаралуда.

Биыл бірқатар заңнамалық актіге өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Әлеуметтік кодекске, «Автомобиль көлігі туралы» заңға түзетулер енгізілді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды.

Министрлік арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру және еңбек саласына қатысты 66 нормативтік-құқықтық актіні бекітті.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі және мүгедектігі бар адамдардың сайлау процесіндегі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасауға арналған екі Жол картасы бекітілді.

Вице-министрдің мәліметінше, қазір Қазақстанда 750 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, бұл ел халқының 3,6%-ын құрайды. Олардың ішінде 18 жастан асқан ересектер – 630 мыңнан астам, мүгедектігі бар балалар – 120 мың. Балалар арасында жүйке жүйесі аурулары, психикалық бұзылыстар мен мінез-құлықтың бұзылыстары, туа біткен даму ақаулары, хромосомалық ауытқулар басым. Ересектер арасында психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, қан айналымы жүйесінің аурулары және жарақаттар жиі кездеседі.

«Ағымдағы жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік қорғау бағыты бойынша шығыстары түрлі төлемдер мен қызметтер алатын 4,6 млн адамға 5,9 трлн теңгені құрады. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – азаматтардың конституциялық кепілдіктерінің бірі. Олар еңбек өтілі мен жұмысқа орналасуына қарамастан төленеді», – деп қосты спикер.

Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне байланысты белгіленеді. 2025 жылы жәрдемақы көлемі 55 мың теңгеден басталып, 101 мың теңгеге дейін жетті. Олар жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғайтылады.

2025 жылдың 1 желтоқсандағы ақпаратқа сәйкес, мүгедектік бойынша жәрдемақыны 543 мың адам алған. Жыл басынан бері төлемдерге 467,2 млрд теңге жұмсалды (жылдық жоспар – 511,3 млрд теңге).

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.