Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Жаңалықтар

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025154 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Білім сапасын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі – педагогтердің жоғары кәсібилігі. Бұл орайда Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді. «Педагог мәртебесі» туралы Заңға сәйкес, педагогтердің біліктілігін арттыру үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Демек, әр жыл сайын Қазақстандағы мұғалімдердің 33,3%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сәйкесінше, 2025 жылдың басынан бері ел бойынша орта білім беру жүйесінің 91 мыңнан астам педагогі мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Бұл жайлы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да оқытылды.

«Қазақстандық педагогтердің жасанды интеллект бойынша біліктілік арттыруға деген қызығушылығы өте жоғары. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесе отырып, әзірлеген ақысыз онлайн курсқа 338 мыңнан астам мұғалім қатысып, оның 267 мыңға жуығы, яғни 79%-ы сертификат алды. Сонымен қатар педагогтер 5 жыл сайын аттестаттаудан өтеді. 2025 жылы республика бойынша «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» іске қосылды. Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түрде алынады. Қызмет орны, еңбек өтілі, білім деңгейі мен жетістіктері бір жүйеге жинақталған. Цифрлық формат қағазбастылықты жойып, аттестаттаудың әділ әрі ашық өтуіне мүмкіндік берді, адами факторды жойды», – деді спикер.

2025 жылы автоматтандырылған жүйеде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары үшін ғана аттестаттау жүргізілді. Ал «педагог-зерттеуші», «педагог-шеберлер» дәстүрлі форматта, яғни «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтті. Осы жылы платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог өтініш берді.

Бүгінде орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары бойынша 104 999 «педагог», 126 688 «педагог-модератор», 95 438 «педагог-сарапшы», 82 632 «педагог-зерттеуші», 2 973 «педагог-шебер» жұмыс істеуде. Өткен жылмен салыстырғанда педагог-модераторлардың үлесі 7%-ға, педагог-сарапшылар 2%-ға, педагог-зерттеуші – 1%-ға өсті.

Айта кетерлігі, биыл Ұстаздар күні қарсаңында Президент білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады. Оның ішінде 2 «Парасат» ордені, 9 «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы, 6 «Құрмет» ордені, 9 «Ерен еңбегі үшін» және 2 «Шапағат» медалі бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202672 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.