Автор: un_admin

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда. Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды. Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады. Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға…

Read More

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы…

Read More

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефпен, Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға әзір екенін көрсетеді. Президент еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты. Олардың арасында иудаизмнің орны ерекше. Ал еврей ұйымдары қоғамның ажырамас бөлігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға және нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары адамзатқа ортақ құндылықтарды ілгерілету жолындағы дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.

Read More

16 қыркүйек күні облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Шара Отбасы орталығында ұйымдастырылып, өңіріміздің білім саласының ардагерлері мен қадірменді қонақтар бас қосты. Мерекелік кештің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі отбасыларды ұлықтап, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, ұстаздар әулетінің ұлағатты өмір жолын насихаттау. Кеш басталар алдында ғимараттың кіреберісіне қызыл жол төселіп, ардагерлер мен қонақтар той иелерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Әсем әуен әуелеп, зал мерекеге сай безендірілді. Салтанатты шараның шымылдығын жүргізуші Ғалым Башарұлы ашып, отбасы – қоғамның берік негізі, ұрпақ сабақтастығының алтын діңгегі екенін атап өтті. Бұл күні зал…

Read More

Ақтөбе облысында құны 7,4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 1 625 жоғары өнім беретін ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейтіледі, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Бірінші кезең іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылдың тамыз айында екінші кезеңді қаржыландыру басталды. Ол қосымша 15 жұмыс орнын ашып, жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді. Жоба өңірдегі сүт өнімдеріне деген тапшылықты азайтуға бағытталған.

Read More

Осыдан үш жыл бұрын елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленген. Құжатта бірқатар маңызды міндет көзделген. Біріншісіне сәйкес елде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны жоспарланған, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 ФАП және 160 дәрігерлік амбулатория салынады. Олардың 228-і медициналық объектілері болмаған ауылдарда, 427-сі тозған ғимараттардың орнына салынады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, МСАК ұйымдарына қажеттілікті қалыптастыру, ауылдық елді мекендерді іріктеу ЖАО деректері бойынша халық санын ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес жүзеге асырылған. «Екінші міндет бойынша тиісті бөлімшелерді – инсульт және кардиохирургия, медициналық оңалту,…

Read More

Еліміздегі жаңа медициналық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мерзімдері мен күнін оңтайландыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында МСАК объектілерін көрсетудің оңтайлы параметрлерін (үй жайлардың біркелкі жиынтығы мен ауданы, жабдықталуы, безендірілуі, сәулеттік келбетін) жобалаудың бірыңғай тәсілі қарастырылған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Бірыңғай жобалаушы 5 климаттық және сейсмикалық аймақта (Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үш түрі бойынша жобалар әзірледі – бұл медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер және дәрігерлік амбулаториялар. Жалпы алғанда, жобалардың жалпы құнының шамамен 70%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстары, 20%-ы құрал-жабдықтар және 10%-ы басқа да шығындарды құрайды.…

Read More

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қолданыстағы 12 көпбейінді орталық аудандық аурухана жетіспейтін медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныптағы ультра дыбыстық зерттеу аппараты, реанимация, операция бөлімшелеріне арналған жабдықтар және т.б.) жарақтандырылып, көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейту үшін жағдай жасалатын болады. Бұл жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында хабарлады. Қолданыстағы 20 орталық аудандық аурухана Көпбейінді орталық аудандық аурухана болып қайта құрылады және тиісті бөлімшелер ашу үшін ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, жапсарлас құрылыстарды салу, медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғыртылатын болады. «Көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда негізінен инсульт және кардиология…

Read More

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірлердегі кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне, әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде, сонымен қатар жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, еңбекақыға қосымша төлемдер және түрлі әлеуметтік қолдау түрлерін (мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды басым тәртіппен беру, қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларын ЖОО-ға конкурссыз қабылдау, жол жүру шығындарын өтеу) қоса алғанда, елеулі жеңілдіктер алады. «Сондай-ақ 2024 жылдан бастап ауылдық елдімекендерге жұмысқа келетін өткір тапшылық мамандықтары бойынша медицина…

Read More