Автор: un_admin

Шиелі кентінің «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап салынған 30 пәтерлік 15 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, құрылыс саласындағы, әсіресе тұрғын үй құрылысын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті. «Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, іске қосылды. Президентіміз тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар жүктегені белгілі. Оның ішінде халықты баспанамен қамту бағдарламалары…

Read More

Қасиетті миғраж түнінің жұмаға қараған таңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бақилық болды, деп жазады Egemen.kz. Рәтбек қажы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат жəне құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды. 1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайын өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфти болды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды. Өмірінің кейінгі жылдарында Есік қаласындағы орталық…

Read More

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы шеңберінде кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Соның аясында Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» 14 ауылдық округтегі дүкен иелерімен кездесу өтті. Аудандық прокуратура бастамасымен өткен жиын «Қылмыссыз өңір – алкогольсіз ауылдан басталады» тақырыбында өтті. Былтыр аудандағы Таң және Еңбек ауылдары алкогольсіз ауыл болып бастама көтеріп, басқаларға үлгі болып отыр. Ал Қазалы ауданының полиция бөлімі Құмжиек ауылдық округінде «Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округі әкімі аппараты мамандары ауыл тұрғындарынан сауалнама алып, дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Талғат Алдыбергенов тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрағанын айтты. Тасымал көлемі 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты. Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тонна болды. Президентке былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілгені баяндалды. Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді. Теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900…

Read More

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақсатында бой көтерді. 350 төсек-орынға есептелген жаңа орталық еліміздің түкпір-түкпірінен туберкулезбен ауыратын 2,5  мың науқасты жыл сайын емдеуге және диагностикалық көмек көрсетуге ықпал етеді. «Бұл орталық Президент тапсырмасымен ұлт денсаулығын нығайту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бой көтерді. Бүгінде бұл Орталықта ғылыми зерттеулер, озық технология және болашақ мамандарды тәрбиелеу бағыттары өзара…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz. Отырыс барысында экономикалық реформалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелер қаралды. Үйлестіру кеңесінің алдыңғы отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау қорытындылары және жобаларды жүзеге асыру рәсімдерін одан әрі оңтайландыру және жеделдету жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды кеңейту перспективалары қаралды. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленгенін хабарлады. Аталған тәсіл жобаны жүзеге асырудағы тәртіпті және бірлескен бағдарламалар…

Read More

Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қара шаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Абай ұлттық мектебіне оқушылар 7-сыныптан бастап оқуға қабылданады. Бүгінде жаңа ғимараттың жанында оқушыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бұл алыс ауылдардан келген талапкерлерге білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, мектеп тарихына арналған Абай мұражайы құрылуда. Мұражай – Абайдың рухани мұрасын…

Read More

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ж.Мендалиев азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес әр сәрсенбі, жұма күндері сағ.09:00-ден 12:30-ға дейін департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі М.М.Бибітова әр дүйсенбі, жұма күндері сағ.09:00-ден 12:30-ға дейін азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтатудың құқықтық негіздері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау өткізілетін орын: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс 1(облыс әкімдігі ғимараты) 1- қабат, №111,116-кабинет.

Read More

Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, қорлық көрсетті деп айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оқиға былтыр тамызда Шардара ауданының Қоссейіт ауылында болған. Otyrar-дың дерегінше айыпталушы Алмас Садақбаев егде жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып, денсаулығына орта дәрежеде зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны алты жыл екі айға бас бостандығынан айырып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады. Сот залында Садықбаев өз кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады. Ол ісіне өкінетінін айтып, жазасын жеңілдетуді өтінді. Айтуынша, отбасындағы жалғыз асыраушы өзі екен. Пенсионердің соққыға жығылғаны туралы қоғам әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы хабардар болды. Бейнежазбада ірі денелі жігіттің егде…

Read More

Сыр өңіріне Ақтөбе облысының ресми делегациясы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – өңіраралық әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді байланыс орнату. Қонақтарды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдады. Онда тараптар әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сапар аясында ақтөбеліктер өңірдегі жаңа нысандармен танысты. Ең алдымен халықаралық стандарттарға және УЕФА талаптарына сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадионды көрді. Аумағы 20 мың шаршы метр ғимараттың жасыл алаңнан бөлек, бокс, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдары бар. Спорт залдар келушілерге үздіксіз әрі сапалы қызмет етеді. Ақтөбелік делегация Президент саябағын, сол…

Read More