Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Денсаулық

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16.01.2026175 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақсатында бой көтерді. 350 төсек-орынға есептелген жаңа орталық еліміздің түкпір-түкпірінен туберкулезбен ауыратын 2,5  мың науқасты жыл сайын емдеуге және диагностикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.

«Бұл орталық Президент тапсырмасымен ұлт денсаулығын нығайту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бой көтерді. Бүгінде бұл Орталықта ғылыми зерттеулер, озық технология және болашақ мамандарды тәрбиелеу бағыттары өзара сабақтасып, біртұтас жүйеге айналып отыр. Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және отандық медициналық ғылымды дамытуға зор үлес қосады деп сенемін», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде денсаулық сақтау нысандарымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

«Кейінгі екі жылда елде 695 жаңа медициналық нысан, 614 мың орынға арналған 419 жаңа мектеп салынды. Бұл 19 апатты мектепті жоюға, 58 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге және 190 мектептегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 237 спорт нысаны салынды, оның ішінде 69-ы қалаларда, 168-і ауылдық жерлерде орналасқан. 2025 жылы 61 мәдениет нысанының құрылысы аяқталды. Өңірлерде 251 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер, ең алдымен, халықтың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік қорғауды нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті А.Балаева.

Іс-шара барысында  Орталықтың бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің инфрақұрылымы мен жабдықталуы таныстырылды. Сонымен қатар мекеме ұжымымен де кездесу өтті.

Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы қысқа мерзімде салынған. Бұл орталықта клиникалық көмек көрсету, ғылыми жұмыс жүргізу, білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану секілді мүмкіндіктер бар. Орталық балалар мен жүкті әйелдерге де  медициналық көмек көрсетеді. Төтенше жағдайлар кезінде Орталық жедел түрде 500 төсек-орынға дейін кеңейтілуі мүмкін.

ИАҰҒО – диагностика мен емдеуден бастап, инфекциялық және паразиттік ауруларға, оның ішінде дәріге төзімді туберкулез түрлеріне қатысты күрделі зертханалық зерттеулер жүргізе алатын толыққанды мекеме. Орталық инфекциялық қауіп-қатерге ұлттық деңгейде мән беретін, ғылыми жаңалықтар мен инфекциялық аурулармен жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлайтын базаға айналмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.