Адамның жақсы иә жаман болмағы ата-анасына, арғы бабаларына тікелей байланысты. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деп қазақ бекер айтпайды. Хакім Абай да «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады деп, әке-шеше ұлағатын алдыңғы орынға шығарған. Осылай айтып отырған Абайды да даналық шыңына көтерген бақ дарыған тегі мен ата-ана тәрбиесі екенін білген дұрыс. Оның ішінде Құнанбай қажының Абай дүниетанымына әсері мол. Хакімнің әкесі хақында іргелі еңбектер жазылып, ел назарына жарияланғанымен, оның діни һәм әлеуметтік позициясы туралы екі ұшты пікірлер әлі де кездеседі. Құнанбай Өскенбайұлы Меккеге барып, қажылық парызын өтегеннен кейін халық оны пірадар деп танып,…
Автор: un_admin
Мемлекет басшысы Жолдауында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терін кезінде де байқалып отыр. Биыл Абай жерінде егін жинау алаңы 782,1 мың гектарға жетті. Оның ішінде дәнді дақылдар – 296,5 мың гектар, майлы дақылдар – 339,4 мың гектар, картоп – 5,9 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары – 5,2 мың гектар және жем-шөп дақылдары – 135,1 мың гектар. Қазір астықтың айтарлықтай бөлігі…
Абай елі бұрыннан тұңғыштардың мекені рас. Семей – Алаштың алғашқы астанасы, қазақ футболы осы жерден бастау алды, алғашқы театр Ойқұдықта қойылды. Бұл жолы тағы да алғашқы үлкен қадам Семейде басталып отыр. Ол облыс орталығы – қала әкімін сайлау науқаны. 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайтын болады. Бұл – еліміздегі қала әкімдері тікелей сайланатын алғашқы сайлау. Бастапқыда сайлауға қатысуға сегіз кандидат ниет білдірген болатын. Алайда, үш үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің талаптарына сай емес болып шықты. Ал тағы бір кандидат өз еркімен кандидатурасынан бас тартыпты деп естідік. – Бұл елімізде тұңғыш рет өткізіліп…
2023 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 20 қыркүйекті Дүниежүзілік тазалық күні деп жариялау туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл күн жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтіп, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау ісіне жұмылдыруға бағытталады. Басты мақсат – жер шарындағы экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты аялауға қоғам назарын аудару және әрбір азаматтың осы іске өз үлесін қосуына мүмкіндік беру. Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен 2023 жылдан бастап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға зор үлес қосып отыр. Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Қызылорда қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өткізілді. Акцияға мемлекеттік…
Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда қаласындағы Денсаулық және демалыс саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өз үлестерін қосты. Шара барысында саябақтың барлық аумағы қамтылып, қоқыс жиналды, ағаштардың түбі қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Сенбілікке қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап сынған ағаш бұтақтарын жинады. Сонымен қатар, жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар саябақтың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалыс орнының қалыптасуына ықпал етті. Жастар белсенділері сенбілік кезінде экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау…
Қалада ерекше нысан-Атомшылар аллеясы салтанатты түрде ашылды. Шараға қала тұрғындары, қонақтар мен ардагерлер қатысты. Аллея Бұхарбай батыр көшесінің бойынан орын тепкен. Бұл жерге жарық шамдары орнатылып, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ көлеңке саялайтын орындар, балаларға арналған ойын алаңы және түрлі гүлдер аллеяға сән беріп, тұрғындардың жанға жайлы демалысына жағдай жасамақ. Аллеяның ашылу рәсімінде Marubeni Kharasan филиалының бас менеджері Йошинори Сакамото, Қытайдың бас ядролық энергетикалық корпорациясы (CGNPC) URC директорының орынбасары Сюй Цзюньмей және «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Айдүйсенов Бағдат Әбжаппарұлы қала халқымен бірге тал егу ісіне үлес қосты. Жаңа аллея алдағы уақытта Қызылорданың ажарын ашып, тұрғындар тынығып серуендейтін сүйікті мекенге айналмақ. Мұнда…
Фото: Ашық дереккөз Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағының негізгі бөлігінде әлі де Оңтүстік циклон ықпалы сақталады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыста нөсер жауын күтіліп отыр. Сонымен қатар, орталық пен солтүстік-шығыста бұршақ түсу ықтималдығы бар. Тек батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы орнайды. Бүкіл республика аумағында желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігінде түнде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді. Алматыда күндізгі ауа райы +18…+20°С шамасында болып, желдің екпіні 3-8 м/с деңгейінде болады. Бұған қоса, Жетісу өңірінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,…
Фото: Жоғарғы сот Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Мәселен, елорда тұрғыны Тик Ток әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына қарама-қайшы екені дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардың кінәсі толық негіздеп, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енген. Айта кетейік, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза…
Енді Түркістан қаласындағы бірқатар мектепте оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Қалалық білім бөлімінің «Смартфонсыз мектеп» жобасы ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалардан да қолдау тапты. Мектепке келген әр сыныптағы оқушыларға телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады. Яғни сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Оқушылар сабақ барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Мамандар бұл қадамның басты мақсаты – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету екенін айтады. Осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру…
Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ «EQ» Елімізде халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады, деп жазады Egemen.kz. Жаңа тәсілдің арқасында жол жабындарының жөндеуаралық мерзімі 20 жылға дейін ұзарады деп күтілуде. Бұл еліміздің күрт континенталды (құбылмалы) климат жағдайында ерекше маңызды. Жауын-қары жиі түсіп, жаңа төселген жолды қаһаған аязда қақырата жарып, жарықшақтар мен ойықтарды тездедетін солтүстік өңір мен аптап ыстығы күндіз жер бастырмайтын оңтүстікке де теңдей тиімді болады. «Жаңа технологияға көшу қажеттілігі қазіргі жолдардың жай-күйімен байланысты. Қозғалыс көлемі жылдан жылға артып,…