«Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі» ұлттық зерттеуіне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 35,7%-ы СӨС қағидаттарын ұстанады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа артық, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Көрсеткіштің өсуі көптеген азаматтардың аурудың салдарын емдеудің орнына профилактиканы, физикалық белсенділікті және теңдестірілген тамақтануды таңдай отырып, өз денсаулығына саналы түрде қарайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар оң динамика бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесі болды. Профилактика құралдарының бірі денсаулық мектептері – денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы адамдар денсаулығын нығайтуға үйретілетін алаңдар болды. Емханалар мен стационарларда қанайналым жүйесі, қант диабеті, бронх демікпесі, егде жастағы адам, отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас…
Автор: un_admin
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жиын өтті. «Көлеңке» деңгейін азайту бойынша жүйелі күрес шеңберінде өткен жылы жаңа тәсілдер енгізілді. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына тиісті KPI енгізілді. Көлеңкеде қалу қаупі зор сауда, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы секілді секторларда салалық жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салалық жол карталарын жүзеге асыру алдын алу шараларының тиімді болуына мүмкіндік берді. Айналымдарды заңдастыру бойынша белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді. Мысалы, ішкі саудада көлеңкелі айналым деңгейі 3,54%-дан 2,97%-ға дейін, білім беруде 1,52%-дан 1,1%-ға дейін,…
Ұлттық волонтерлік желі жүргізген әлеуметтік зерттеу 2025 жылы елімізде волонтерлік қозғалыстың жаңа серпін алғанын көрсетті. Зерттеудің негізгі мақсаты – қоғамның волонтерлік қызметке деген көзқарасын бағалау, оның басым бағыттарын айқындау және азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қаншалықты тиімді екенін анықтау, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен 11 мыңнан астам адам қатысып, сонымен қатар волонтерлік ұйымдардың жұмысына кешенді талдау жасалды. Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда волонтерлік қызмет тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі кезде волонтерлер саны 300 мыңнан асып, іске асырылған жобалар бес есе артқан. Сауалнама нәтижесі халықтың 89%-ы волонтерлік қызмет туралы білетінін және әрбір үшінші…
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Премьер-министрді Алатау қаласының аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы, сондай-ақ өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде қажеттіліктерді ескере отырып жаңа өндірістерді іске қосу бойынша хабардар етті. ҰЭМ деректері бойынша…
Қазақстанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру бағытында білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткізілетін шаралар барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылық түрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң…
Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамына кіретін ұйымдар…
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық салаларында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық орталықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мұнда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірдің өңдеуші секторының өсуін…
Сыр өңірінің агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері бар. Олар Бэйянь округінде Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші компанияларымен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ғылым докторы Лу Нанмен кездесуде сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, «Jiarun Agriculture», «Gao’s Hetian Rice Industry», «Baqi» сынды күріш және жүгері дақылдарын өндіретін ірі агроөнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Сапар аясында Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркінде маңызды кездесу өтті. Онда агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, агротехнологияларды дамыту, ресурстарды интеграциялау және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері талқыланды.…
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды. Бұл білім беру ұйымдары 27 үшауысымды және 11 апатты мектеп мәселесін шешуге, сондай-ақ 160 мың оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік берді. Бұл мақсатта бюджет қаражаты есебінен және инвестициялар тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Ел тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Оның аясында 206 мың оқушы орнына арналған 112 жаңа форматтағы мектеп қодданысқа берілді, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.…
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және «Amanat» партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді. Отырыста «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ былтыр қараша айында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz. 2025 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы жаңа қағидаттар негізінде жүзеге асырылып келде. Қаржыландыру өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, артық бюрократиялық рәсімдерсіз бөлінуде. Кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге баса назар аударылған. 2025 жылы жобаға облыс әкімдіктеріне 50 млрд теңге бөлінді. 2026 жылы республикалық бюджетте жобаны жалғастыруға 100 млрд теңге қарастырылған, оның шамамен…
