Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА «ШҰҒЫЛА» МӨЛТЕК АУДАНЫНАН САЛЫНҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА «ШҰҒЫЛА» МӨЛТЕК АУДАНЫНАН САЛЫНҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

17.01.2026474 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Шиелі кентінің «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап салынған 30 пәтерлік 15 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, құрылыс саласындағы, әсіресе тұрғын үй құрылысын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті.
«Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, іске қосылды.
Президентіміз тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар жүктегені белгілі. Оның ішінде халықты баспанамен қамту бағдарламалары тұрғын үйге қолжетімділік мәселесін шешіп қана қоймай, құрылыс индустриясын да дамытып, аймағымыздың ажарын айшықтады, сәулетіне сән қосты.
Өткен жылдың желтоқсан айында 22 пәтерлік 11 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстаған болатынбыз. Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына тағы да жиналып, Шиелі кентінде 450 млн. теңгеге салынған 30 пәтерлік 15 тұрғын үй халық игілігіне берілуде.
Бұл – мемлекетіміздің қолдауын сезінген отбасылар үшін ерекше қуаныш! Жаңа қоныс құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен тұрғын үйлерді салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қазыбек Иса мен Мұрат Ергешбаев ізгі тілектерін білдірді.
Айта кетейік, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Кейінгі үш жылда алғаш рет барлық ауданда тұрғындар 1800-ге жуық жаңа пәтерге ие болды. Қызылордада заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз, он екі көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Шиелі ауданында 2023-2024 жылдары 3 млрд. 96 млн. теңге қаржыға салынған 228 пәтерлік 114 тұрғын үй ел игілігіне берілді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.