Автор: un_admin

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында шартты жер үлестері мәселесін шешу бағытында қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы баяндады. Спикердің айтуынша, 4 кәсіпорын бойынша сот процестері толық аяқталды. Оның ішінде Жамбыл облысында – 2 кәсіпорын (94 пайшы), Қызылорда облысында – 1 кәсіпорын (250 пайшы), ал Түркістан облысында 1 кәсіпорын (46 пайшы) бойынша мәселелер шешімін тапты. Қарағанды облысында 1 кәсіпорынға қатысты 35 пайшыға жерлер нақты бөлініп берілді. Қызылорда облысында бір кәсіпорынның жаңа басшысы сайланып, жұмыс барысы реттелді. Солтүстік Қазақстан облысында екі кәсіпорынның 440 пайшысына әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар Түркістан облысында 1 кәсіпорынның 473 үлескеріне…

Read More

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шекті мөлшері бекітілді. Бұл қолайлы жағдайлары бар өңірлерде жерлерді неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал етеді. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның хабарлауынша, қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары жүріп жатыр. «2025 жылы аумақтық бөлімшелер 2,4 млн га алаңда 2053 жоспардан тыс тексеру жүргізді. 1,9 млн гектарға 1563 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқамалар бойынша 986,9 мың гектар жерде жерлерді игеру басталды. 339,3 мың гектар бойынша мәжбүрлеп алып қою жөніндегі істер соттарда қаралуда», – деді М. Теміржанов.…

Read More

«Достық үйінде» облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті IX конференциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Күн тәртібінде облыстық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері, кеңестің тексеру комиссиясының есебі, сайлау мәселелері қаралды. Жиында облыс әкімнің орынбасары Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген маңызды бастамаларға тоқталып, ардагерлерге көрсетілетін тұрақты қолдаулар жайлы айтты. «Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр…

Read More

2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 856,6 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 491 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2025 жылдың қорытындысы бойынша 143 143 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге. 2025 жылдың басынан бері базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен…

Read More

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Цифрлық кодекс тұжырымдамасы туралы баяндады. Құжат 7 негізгі бөлімнен тұрады. Оның айтуынша, Кодекстің басты мақсаты – адамның цифрлық ортада қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану кезінде қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау. Негізгі қағидаттардың қатарында цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі, цифрлық этика және жасанды интеллект технологияларын қолдану кезіндегі әлеуметтік жауапкершілік атап өтілді. Екатерина Смышляева цифрлық салада мемлекеттің тепе-тең қатысу қағидатына жеке тоқталып, мемлекеттік функциялар мен қызметтер мәселесінде мемлекеттің жетекші рөлін сақтайтынын, ал нарықтық сегменттерде даму бизнес пен отандық стартаптардың еншісінде қалуға тиіс екенін атап…

Read More

Цифрлық кодекске сәйкес, Қазақстанда биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі. Биометриялық деректер – жеке деректердің бір түрі. Сондықтан келісім алудың барлық рәсімі сақталуға тиіс. Егер заң деңгейінде биометриялық деректерді міндетті түрде пайдалану көзделмесе, онда оларды қолдану қатаң түрде адамның келісімімен ғана жүзеге асырылуы қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, биометриялық деректерді пайдалану заң деңгейінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру жүйелерін қолдану қажет болады. Мұндай жағдайда мемлекет аталған деректер мен рәсімдерді қорғау функциясын өз мойнына алады. Ал қалған барлық жағдайда биометриялық деректерді пайдалану ерікті түрде жүзеге асырылады. «Сондай-ақ алғаш рет…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Онда Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы көрсетілді. Салық төлеушілерге кеңес беру үш деңгейлі жүйе арқылы жүзеге асырылады: бастапқы түсіндіру, қолдау көрсету және ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу. Биылғы қаңтар айының басынан бері 1414 байланыс желісіне, мессенджерлер және ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттарға телефон қоңыраулары арқылы 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы…

Read More

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Fabe Polska компаниясының басқарма төрағасы Фатих Будан жылыжай саласын дамытуға бағытталған ірі жобаны іске асыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды. Жоба аясында Шымкент қаласында жылына 38 мың тонна қызанақ өндіретін заманауи жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 69 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кездесу барысында Айдарбек Сапаров жобаның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті. «Мемлекет басшысы инвестиция тарту мәселелеріне, оның ішінде аграрлық секторға ерекше назар аударып келеді. Аталған жобаның іске асырылуы импортты алмастыруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға тікелей ықпал етеді. Қазақстанда заманауи жылыжай технологияларын енгізуге…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жеке денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Құжатта стандарттардың сақталуын бақылауды қатаңдату, сапа индикаторларын кеңейту жолымен қосарланған қаржыландыруды, цифрлық мониторингті, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені қарастырылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жоспар шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көзделген, бұл медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығына қашықтықтан мониторингті қамтамасыз етуге, төлемдердің қайталануын болдырмауға, елден тыс жерлерге кеткен азаматтар туралы мәліметтерді ескеруге, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналар арқылы медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы деректерді алуға мүмкіндік береді. Тіркеуді және қосарланған қаржыландыруды болдырмау үшін көрсетілген медициналық қызметтерге ақы…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке…

Read More