Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үкімет фармацевтикалық өндірістерді локализациялау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АлтИНФАРМ» ЖШС, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС және «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды. Жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Өндірістік желі онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, вирусқа қарсы, антианемиялық, ауырсынуды басатын, қабынуға…
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен Байқоңыр қаласындағы 250 пәтерлік 5 тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Рәсімде аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі құрылыс, әсіресе, тұрғын үй құрылысының қарқынын атап өтті. «Кеше өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ұлттық құрылтайдың осыдан 100 жыл бұрын Алаш қайраткерлерінің бастамасымен қазақ атауы қайтарылған Қызылорда қаласында өтуі тарихи мәнге ие. Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2022 жылдан…
2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы мектеп – 2026: Университеттің ғылыми-білім беру экожүйесі: заманауи сын-қатерлер» атты ЖОО оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік біліктілігін арттыруға бағытталған апталық іс-шара өтуде. Қысқы мектеп офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және жас ғалымдары мен докторанттарын бір алаңға тоғыстырып, олардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Orhun Medical компаниясы жаңа медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық томография мен компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Аталған диагностикалық қызметті алу үшін өңір тұрғындары Алматы және Астана қалаларына баратын. Енді бұл қызмет тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Медициналық орталықтың жобалық қуаты жылына 3 500 ПЭТ/КТ, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жүргізуге есептелген. Қызылорда қаласындағы орталықтың ашылуы Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланды. Күн тәртібінде өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қамтылды. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған түйткілдерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. “Коммуналдық қызмет сапасы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан су, жарық, жылу және газбен қамтуда іркілістер болмауы тиіс”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатынасын реттеуді және электр желілерінде орын алуы ықтимал…
Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қара шаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Абай ұлттық мектебіне оқушылар 7-сыныптан бастап оқуға қабылданады. Бүгінде жаңа ғимараттың жанында оқушыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бұл алыс ауылдардан келген талапкерлерге білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, мектеп тарихына арналған Абай мұражайы құрылуда. Мұражай – Абайдың рухани мұрасын…
Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Saran индустриялық аймағына барып, жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. «ТЭМПО Қазақстан» ЖШС металл конструкцияларын салу мен су құбырларын тартуда қолданылатын тік жікті болат құбырлар өндірісін жолға қояды. Жобаның құны – 20 млрд теңге, ал жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда зауытта жабдықтарды реттеу жұмыстары…
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңірдегі жоғары білім мен ғылым саласының әлеуетін жан-жақты саралады. Қызылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алуда. Кейінгі үш жылда студенттер саны 21 %-дан астам артқан. Бұл – жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маңызды көрсеткіш. Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым…
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 307 нысаны толықтай бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Аманат» партиясының Жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026…
