Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Үкіметте Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар

Үкіметте Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

16.01.2026341 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Отырыс барысында экономикалық реформалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелер қаралды. Үйлестіру кеңесінің алдыңғы отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау қорытындылары және жобаларды жүзеге асыру рәсімдерін одан әрі оңтайландыру және жеделдету жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды кеңейту перспективалары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленгенін хабарлады.

Аталған тәсіл жобаны жүзеге асырудағы тәртіпті және бірлескен бағдарламалар мен аналитикалық зерттеулердің мақұлдау жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі Андрей Михнев приоритетті бағдарламаларды жоспарлау және тиімді жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру көздерін көрсете отырып, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдіктерді қамтитын көпжылдық инвестициялық жоспар бекітуді ұсынды.

Энергетикалық қуат көздерінің бірінен екіншісіне көшу саласындағы бастамалар өз алдына бөлек талқыланды. Отырысқа қатысушылар энергетикалық трансформация бойынша приоритетті жобаларды біріктіру және ұзақ мерзімді халықаралық қаржыландыруды тартуға бағытталған елдік инвестициялық платформаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарады. Энергиямен қамту сенімділігін арттыру, технологиялық жаңарту және инвестициялар тарту құралы ретінде энергетикалық көшудің маңыздылығы атап өтілді.

ҚР Энергетика, Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жыл бойы ЕҚДБ-мен бірлесіп энергетика секторына назар аудара отырып, Қазақстанның әділ энергетикалық көшуі жөніндегі Елдік инвестициялық платформасының (KazJETP) тұжырымдамасын дайындады.

Елдің энергетикалық секторының платформасы ауқымды халықаралық қаржыландыруды тарту және Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді интеграцияланған жүйелік тәсіл ретінде қарастырылады. Аталған тетік халықаралық қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың және жеке сектордың ресурстарын біріктіре отырып, климаттық қаржыландыруды үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған.

Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар инфрақұрылымдық жобаны, оның ішінде су шаруашылығы, су тасқыны тәуекелдерін басқару және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл қарсы реттегішін салу және Ақмола облысы Степногорск қаласының кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау жөніндегі жобаларға Азия даму банкінің қатысуы.

Премьер-министр экономиканы тұрақты дамыту және басым салаларға инвестициялар тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Үкімет ұзақмерзімді тұрақты әсерлерге қол жеткізуге бағытталған бастамаларды қолдауды және туындаған мәселелерге жедел ден қоюды жалғастырады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға халықаралық әріптестермен бірлесіп ұсынылған ұсыныстарды пысықтауды, іс-қимылдарды үйлестіруді және бірлескен инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.