Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Түркістандағы трагедия: Әкесін көшеде сүйреген жігіттің соттағы соңғы сөзі
Жаңалықтар

Түркістандағы трагедия: Әкесін көшеде сүйреген жігіттің соттағы соңғы сөзі

15.01.20261 165 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, қорлық көрсетті деп айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz

Оқиға былтыр тамызда Шардара ауданының Қоссейіт ауылында болған. Otyrar-дың дерегінше айыпталушы Алмас Садақбаев егде жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып, денсаулығына орта дәрежеде зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып отыр.

Мемлекеттік айыптаушы соттан оны алты жыл екі айға бас бостандығынан айырып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады.

Сот залында Садықбаев өз кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады. Ол ісіне өкінетінін айтып, жазасын жеңілдетуді өтінді. Айтуынша, отбасындағы жалғыз асыраушы өзі екен.

Пенсионердің соққыға жығылғаны туралы қоғам әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы хабардар болды. Бейнежазбада ірі денелі жігіттің егде жастағы кісіні қан-жоса күйінде көшеде сүйреп бара жатқаны анық көрінеді. Видео қария қайтыс болған соң ғана жарыққа шыққан. Осы оқиғадан кейін күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалған еді.

«Ұлы ауыр науқас әкесін қан-жоса етіп сабап тастады. Дәретханаға өзі бара алмайтын қария қорғансыз күйде қалып, туған ұлынан қорлық көрді. Бұны отбасы деп айту қиын, бұл азап, бұл нағыз қылмыс», – деген болатын оқиға куәгерлері.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.