Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда инвесторлар құқығын қорғау күшейтіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда инвесторлар құқығын қорғау күшейтіледі

09.06.2026329 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялар тарту жүйесін жетілдіру жалғасуда. Инвестиция тарту бойынша қолданыстағы барлық шара сақталады, сонымен бірге инвесторлармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін жаңа тетіктер енгізілуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, әлемнің негізгі инвестициялық орталықтарында шетелдік өкілдіктер ашу есебінен инвестиция тартудың сыртқы контурын күшейту жоспарда бар. Олар инвесторлар мен әлеуеті бар жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офистердің функцияларын атқарады. Сондай-ақ даму институттарын трансформациялау жүргізілуде.

«Бәйтерек» холдингінің құрылымында төрт салалық инвестициялық дирекцияны қамтитын Инвестициялық қызмет құрылды. Оның міндеті – өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, инвестициялық жобаларды сапалы дайындау және кейіннен бұл жобаларды Kazakh Invest компаниясына беру», — деп хабарлады Арман Қасенов.

Бұдан бөлек, Kazakh Invest базасында «бір терезе» принципі бойынша кешенді қызметтер көрсететін инвесторларды қолдаудың бірыңғай орталығы – «Kazakhstan Investment House» құрылады.

«Жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, импортты алмастыру және экспорттық әлеуеті жоғары перспективалы бағыттар айқындалуда. Сондай-ақ инвесторларға нарықтар, инфрақұрылым, ресурстық база және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беруді көздейтін «инвестицияларға тапсырыс» тетігі жетілдіріліп жатыр», — деп толықтырды спикер.

Басқа шаралардың қатарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды өңірлік даму институттарына трансформациялау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды жаңғырту, сондай-ақ инвестициялық қызметті одан әрі цифрландыру бар.

Арман Қасенов атап өткендей, жобалардың іске асырылуын нақты уақыт режимінде қадағалауға және туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның рөлі күшейтіледі.

Инвесторлардың құқықтарын қорғауды нығайту үшін Бас прокуратура жанынан дауларды сотқа дейін реттеудің арнайы алаңы құрылады. Сонымен қатар әрбір өңірде инвесторларға құқықтық қолдау көрсетуді және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инвестициялық прокурорлар пайда болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.