Автор: un_admin

Фото: ЖИ Жаңа жыл қарсаңындағы сапарлар әрқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алыс жолға шыққан азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар үшін маңызды шешімдер қабылдады. Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артып, жаңа буынның вагондары жолға шықпақ. Ең бастысы – халықтың көкейінде жүрген билет бағасының өсуіне қатысты сауалға нақты жауап берілді, деп жазады Egemen.kz. Жаңа жылдық кесте: Билет бағасы мен қосымша вагондар Мереке күндеріне орай ҚТЖ жолаушыларға жағымды жаңалықтар әзірлеп отыр. Компанияның мәліметінше, мереке қарсаңында билет бағасы өзгеріссіз қалады. Керісінше, сұраныс жоғары бағыттар бойынша тасымал мүмкіндігі артады: Алматы – Астана: №201 және №202 пойыздары Алматыдан 20,…

Read More

Үкімет 2026 жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлаған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, тиісті заң жобасы әзірленіп, 2025 жылдың соңына қарай парламентке енгізіледі. Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жаңа жүйе табиғи зілзалалар салдарынан тұрғындардың қаржылық қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz. 2024 жылы еліміздің бірнеше өңірінде болған су тасқындары, жер сілкіністері үлкен шығынға батырғаны белгілі. 2025 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, «Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы» заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатты. Құжатты жыл соңына дейін парламентте мақұлдап, 2026 жылдан күшіне енгізу жоспары жарияланған. Дегенмен, жыл соңындағы парламент жұмысына көз жүгіртсек, бұл заң әлі толық қабылданғаны…

Read More

Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәттен бастап еліміздің тыныс-тіршілігінде айтулы өзгерістер болады. Қаңтар айы азаматтар үшін тек демалыс күндерімен ғана емес, құқықтық және экономикалық маңызы бар жаңа ережелермен есте қалмақ. Бұл айда бізді 12 демалыс пен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп жазады Egemen.kz. Фото: ЖИ Салық кодексі: Экономиканың жаңа тынысы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің экономикалық қатынастарын реттейтін негізгі құжат – жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Мұндағы ең маңызды өзгерістердің бірі – Қосылған құн салығының (ҚҚС) 12% деңгейінен 16% деңгейіне дейін көтерілуі. Сонымен қатар ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 1 қаңтардан бастап…

Read More

Көкшетау қаласында 2024 жылдың қазан айында басталған 630 төсек-орындық жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. Жоба еліміздің денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды және жүйелі инфрақұрылымдық жобалардың бірі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Нысанның құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және Ақмола облысы мен бүкіл Солтүстік макроөңір үшін стратегиялық маңызы бар. Осы жылдар ішінде өңірдегі стационарлық медициналық көмек шашыраңқы және моральдық тұрғыдан ескірген инфрақұрылым жағдайында көрсетілді. Көкшетаудағы жаңа аурухана қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Жоба қабылдау-диагностикалық қызметтерді, шұғыл медициналық көмекті, хирургиялық және терапиялық бөлімшелерді, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту қызметтерін бір кеңістікте біріктіретін…

Read More

Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде 66 ФАП, оның ішінде 51-і қайтарылған активтер есебінен салынды. Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Балқаш қаласында балаларға арналған оңалту орталығы үшін ғимарат жөнделді, Онкология орталығының операциялық-реанимациялық блогын жарақтандыруға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Онкология орталығына заманауи желілік үдеткіш пен компьютерлік томограф алынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Облыстық ауруханада «Диабеттік табан» орталығы ашылып, эндоскопиямен жабдықталған реанимация бөлімі іске қосылды. Мақажанов атындағы клиника үшін Remebot RM-200 нейрохирургиялық роботы сатып алынды. МСАК ұйымдарында үздік практикалардың 6 орталығы ашылды. Өңірге 137 жас дәрігер келді, оның ішінде 61 маман ауылдық жерлерге жіберілді. 14 дәрігер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 30…

Read More

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде Ақтөбе облысының тау-кен металлургия саласына арналған өңірлік білім беру-өндірістік кластері ресми түрде ашылды. Жоба Қазақстанда алғаш рет кадр даярлаудың үздіксіз жүйесін қалыптастырды: білім беру үдерісі мектепке дейінгі жастан басталып, мектепте, колледжде және өндірісте жалғасады. Бұл модельдің нәтижесі – түлектердің тау-кен металлургия саласының жетекші кәсіпорындарына 100% жұмыспен қамтылуы, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі бүгінде кәсіби-техникалық кадрлар даярлау бойынша елдегі ең мықты оқу орындарының бірі ретінде танылып отыр. «Хромтау тау-кен техникалық колледжі кәсіби кадрлар даярлауда тек өңірлік емес, республикалық деңгейде де локомотив болып отыр. Жақында колледж ұлттық білім беру ұйымдары байқауының қорытындысы бойынша елдегі үздік оқу орны…

Read More

Риддердің 50 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет заманауи медициналық технологияларға және мамандандырылған көмектің кең спектріне қол жеткізе алады. Мұнда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болды. Қазір бұл заманауи көпбейінді медициналық кешен, оның ішінде 200 төсек-орынға дейін кеңейтілген стационар, диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын ересектер мен балаларға арналған бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана орналасқан. Қала тұрғындары үшін инсульт орталығының, реанимация және қарқынды терапияның, перзентхананың, төрт залға арналған операциялық блоктың, жедел…

Read More

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына…

Read More

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен «Панабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи жиһаз фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Оған ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. «Панабек» ЖШС жиһаз өндірісі саласында 20 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары сапалы өнімдерімен өңір тұрғындарының сеніміне ие болып, экономиканың дамуына тұрақты үлес қосуда. Өндіріс қуатын арттыру мақсатында өңірлік инвестициялық орталық арқылы 59 млн теңге жеңілдетілген несие иеленген. Қала аумағынан 1 гектар жер телімін сатып алып, өндіріс процесі толықтай автоматтандырылды. Қазіргі таңда фабрикада жылына 35 мыңға дейін кеңсе, асхана жиһаздары, мектеп парталары , т.б жасалады. Өнімдері тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие. Биыл «Панабек» ЖШС «Қазақстанның…

Read More

Жаңақорған ауданының Кейден ауылында заманауи күрес залы мен «СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқылы зауыты жанынан салынған жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған спорт нысандары «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны — «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері, аудан спортшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов алғы сөз сөйлеп, «СКЗ-U» ЖШС ұжымына алғысын білдіріп, жаңа спорт кешендерінің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен күрес…

Read More