Автор: un_admin

Тұрғындар денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді. Бүгінгі қабылдауда облыс әкімі жауапты басшыларға І топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге ІІ топ мүгедектігі бар, асыраушысы жоқ қала тұрғынының баласын облыс әкімінің грантымен медицина академиясына түсіру үшін қажетті шаралар қабылдау міндетін жүктеді. Сондай-ақ, көп балалы ана мұғалім болып жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл сұрақ заң аясында, конкурс арқылы шешілетіні айтылды. Еске салайық, тұрғындар…

Read More

Небәрі 6 күнде парақшаға 145 мыңдай адам кірген. 20 мыңдай адам қолдап, қолдарын қойған. Заң бойынша бұл талапты Үкімет қарауы үшін кем дегенде 50 мың қол жиналуға тиіс. Оған уақыт бар: петиция 2024 жылғы 13 қарашаға дейін тұрады. Петицияда утилизациялық алым мен автокөлікті тіркеу алымдарының енгізілгеніне 8 жылдан астам уақыт өткені атап өтілген. Осы мерзімде Қазақстанда автопарк қатты ескіріп кетті. Азаматтарға шетелден жаңа көлік әкелуі барынша қиындады. Сорақысы сол, шенеуніктер артынша утильалымды ауыл шаруашылығы техникасына да таратты. Салдарынан, аграршылардың онсыз да мүшкіл жағдайына соққы жасады, жаңа ауыл шаруашылығы және арнайы техника күрт қымбаттап, қолжетімсіз болды. Бұған қоса, алымдар Қазақстанда жүк…

Read More

Шойгудың орнына Андрей Белоусов деген экономисті ұсынды. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация кеңесі Путиннің қолын қаққан жоқ. 7 мамырда инаугурациясын өткізіп, артынан 9 мамыр жеңіс күнін мерекелеген Путин іле-шала іштегі және сырттағы жаумен шайқасқа қайта кіріскендей. 10 мамырдан бері Украина шығысында, әсіресе Харьков облысының аумағында атыс-шабыс молайды. Украина тарабының хабарлауынша, орыстар кемі 50 мың әскермен жаңа шабуылға шыққан. Олардың көздегені Харьков қаласы болса керек. Ресей Харьков бағытында жаңа деммен алға ұмтылғалы жатқанын Украина президенті кемі бір ай бұрын мәлімдеген. Орыс әскері үшін осындай жауапты, маңызды сәтте Путиннің қорғаныс министрі Сергей Шойгуды лауазымынан алып, оның орнына әскери салада жұмыс істемеген…

Read More

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz. Тәртіп сақшылары құрықтаған мұғалім облыс орталығына жапсарлас жатқан ауылда еңбек еткен. Белгілі болғандай, күдікті 6,8 және 9 сынып оқушыларына еңбек пәнінен сабақ берген. Бүгінде педагогтың есірткі затын жасөспірімдерге сату фактілері тергелуде. «Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшердегі есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктеліп ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың…

Read More

Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады, делінген хабарламада. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданында жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырғаны айтылды. Фото: ortalyq.kz 

Read More

2024 жылғы 30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады, делінген хабарламада. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды. Фото: ортком

Read More

Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған аумақтың шығыны 397 млн теңге болған. Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 397 млн теңгеге жалпы ауданы 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұндай шаралардың негізі жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы болып табылды, делінген хабарламада.  Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалар мен аудандар мәслихаттарының жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету және бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттерін бекіту туралы 4 нормативтік құқықтық актілері жойылған. Фото: pixabay

Read More

Вашингтонда орналасқан Global Financial Integrity сараптама орталығы соңғы 20 жылда АҚШ-тың 22 штатындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікке 2,6 миллиард доллардан астам күдікті қаражат инвестицияланғанын хабарлады. Нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Баяндамада күдікті инвестициялардың 25 дерегі анықталғаны, оның сегізі шетелдің мемлекеттік қызметкерлері немесе олардың туыстарына қатысты екені айтылады. Ұйым мәліметінше, ақша әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Иран, Солтүстік Корея, Ресей және Мексикадан келіп, қонақүйлер, сауда орталықтары, супермаркеттер, музыкалық студия мен ат спорты кешенін сатып алуға жұмсалған. Сараптама орталығының баяндамасында Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов, ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев, сондай-ақ Казкоммерцбанктің бұрынғы тең қожайыны Асқар Алшынбаев туралы айтылған. Соңғы екеуінің есімі қатар…

Read More

Жаңа заңда әскери есепке алу ережелері қатаңдатылды, әскерге шақырудан жалтарғандарға қарсы санкциялар күшейтілді. АҚО-да ақпаратты міндетті түрде нақтылау Жаңа заңға сәйкес, 18 бен 60 жас аралығындағы барлық ер азаматтар әскерге шақыруды күтпестен екі ай ішінде жеке мәліметтерін – аты-жөнін, туған күні мен жерін, тұрғылықты мекенжайын, телефон нөмірлері, электрондық поштасын жаңартуы керек. Егер азамат Украина аумағында болса, ол өз ақпаратын аймақтық қалыптасу орталықтары (АҚО), әкімшілік қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен запастағылардың электронды кабинеті арқылы жаңарта алады. Егер азамат шетелде болса, ақпаратты әскерге шақырылушының онлайн-аккаунты арқылы немесе әскери есепте тұрған жері бойынша АҚО ресми электронды мекенжайы немесе телефоны арқылы…

Read More

19 мамырда БАҚ Иран президенті мінген тікұшақ Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясына «апатты жағдайда қонғанын» хабарлады. Президент Эбрахим Раиси мен елдің Сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиан мінген тікұшақ қалың орман алқабына құлаған. «Иран халқы алдындағы борышын өтеп жүрген Ибрахим Раиси апатқа ұшырап, шәһид болды», — делінген агенттік хабарламасында. Тікұшақта болған жолаушылар: Ибрахим Раиси, Хосейн Амир-Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Ислам революциясы жетекшісінің Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы өкілі аятолла Мохаммад Али Але-Хашем және тағы бірнеше адам қайтыс болды, деп жазады басылым. Сонымен қатар, 73 құтқару тобы тікұшақты 10 сағаттан астам іздегені айтылады. Құтқарушылардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы –…

Read More