Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша екі турдан өтеді. Қорытынды сайысқа еліміз бойынша 475 оқушы іріктелген.
Былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл 125 000 оқушы тіркелді. Бұл ауыл мектептері оқушыларының зияткерлік сайыстарға ынтасы мен белсенділігі артқанын көрсетеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады.
