Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі
Жаңалықтар

Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі

25.11.2025147 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады. Бүгінгі күні барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Атап айтқанда, «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы бойынша Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда, ол 2026 жылы аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылы «Атамекен» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтады. Өткізу пунктіне кірме автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Еуразия трансшекаралық сауда орталығы келесі жылы пайдалануға берілетін Пойма стансасы арқылы теміржол желісіне жеткізіледі.

Жалпы ұзындығы 144 шақырым «Подстепное-Федоровка» автомобиль жолын реконструкциялау жүргізілуде, оның ішінде 72 шақырым осы жылы республикалық бюджет есебінен, қалған 72 шақырым 2026 жылы аяқталады.

Сондай-ақ 2026 жылы Тасқала автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын бастап, 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қорғас бағытында «Алтынкөл – Жетіген» теміржол учаскесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба учаскенің өткізу қабілетін 25 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар 2026 жылы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ жыл соңына дейін аяқталатын «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің айналма жолы орташа жөндеуден өтуде.

Каспий торабы аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік хабтың 1-ші кезегінің құрылысы аяқталады. Жалпы, жобаны жүзеге асыру кезінде контейнерлік хабтың қуаты жылына 200 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ Ақтау портында порт акваториясын тереңдету, айлақтарды жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

«Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалын салу жобасы жүзеге асырылуда. Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарды ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжанда сыйымдылығы 700 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ порттарға баратын теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысының мәліметінше, Жаңаөзен қаласын Түркіменстанмен байланыстыратын автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл.

Халықаралық сауда-логистикалық кешен (Жамбыл облысы, Қырғызстанмен шекарада) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында орналасқан. Қарасу – Масаншы – Сарытөбе автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол 2026 жылы аяқталады.

Қарасу – Актілек автомобиль өткізу пунктін жаңғырту келесі жылы басталады. Осы жоба барысында инвестордың қаражаты есебінен Шу өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салу мәселесі пысықталуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстандықтарға 617 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

25.11.2025286 Views

Бес трансшекаралық хабты іске қосу шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді

25.11.2025138 Views

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі басталды

25.11.2025210 Views
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды

25.11.2025

Қазақстандықтарға 617 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

25.11.2025

Бес трансшекаралық хабты іске қосу шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді

25.11.2025

Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі

25.11.2025

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі басталды

25.11.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.11.2025

Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды

21.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.