Автор: un_admin

Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында  «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, 6 млрд 560 млн теңге көлеміндегі қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады. Салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды. Инвестор 90 млрд теңге көлемінде қаражат бөлген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген. «Зауыт 2025 жылдың қазан…

Read More

Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған «Ынталылар коалициясы» саммиті өтті. Кездесу тақырыбы Ресеймен бейбіт келісім жасалған жағдайдағы Украина үшін кепілдік мәселелеріне арналды. Макрон саммит қорытындысына сәйкес оның мүшелері Украина мен оның армиясын қолдауды жалғастыруға келіскенін, сондай-ақ Ресей мен оның көлеңкелі танкерлер флотына қысым көрсетуді жалғастыруға уәде бергенін айтты. Сондай-ақ, Макрон Украинаға «олардың болашағын жоспарлау үшін» француз-британдық әскери делегация жіберілетінін мәлімдеді. Мүмкін болатын бітімгершілік күштер туралы айта отырып, Макрон олардың әлі қалыптасу кезеңінде  екенін айтты. Бұған қоса Франция басшысы Еуропа елдері ешкімге арқа сүйемей, тығырықтан өзі шығуға дайындалу керектігін жеткізді. «Жақсылыққа үміт етейік, жамандыққа дайын болайық», деді ол.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады. Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды. Фото: Ақорда

Read More

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің, ақпараттық қажеттілік тізбесінің орындалуы туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков тәуекел топтармен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Этносаралық қарым-қатынастар мен этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алуда атқарылған жұмыстарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов айтты. Жиында облыс әкімі көтерілген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды. Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл…

Read More

Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етеді. Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология,…

Read More

Кездесуде Қазақстанның Еуропа Одағымен санқырлы ықпалдастығының перспективасы талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына, атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Кая Калластың айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Ол Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев…

Read More

Сыр елі өнерпаздарының Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу мақсатындағы өнер сапары жалғасуда. Халқымыздың ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыратын «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концерті бұл жолы Эстонияның Таллин қаласында өтті. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді. Шараны 30 мемлекеттің елшілері мен дипломаттары, жергілікті қазақтар мен таллиндіктер барлығы 200-ден астам көрермен тамашалады. Келуші қонақтарға қазақтың түрлі ұлттық тағамдары ұсынылып, наурыз дәмі үлестірілді. Эстон фольклоры қазақ ауыз әдебиеті секілді ұрпақ бойына сан ғасырлық тағылым сіңіретін мұраға бай, яғни біздің халықтың мәдениетімен мазмұндас келеді. Терең тәрбие мен сыйластыққа шақырады. Сол себепті…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Өңірде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бағытында жұмыс жасайтын 24 кәсіпкерлік субъектісі бар. Өткен жылы жиналған 303 мың тонна коммуналдық қалдықтың 91 мың тоннасы, 135 мың тонна өнеркәсіптік қалдықтың 107 мың тоннасы өңделді. Мемлекет басшысының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласында 42 млрд. 504 млн. теңгеге 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Облыс орталығында 41 млрд. 200…

Read More

Наурыз айының 24-27-сі аралығында Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында Еуропаның Финляндия, Эстония және Испания мемлекеттерінде Қызылорда облысының өнер күндері өтуде. Өнер сапарын аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен, Қазақстанның Финляндиядағы, Эстониядағы және Испаниядағы елшіліктері ұйымдастырды. Бұған дейін аталған елдерден инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлер арасында кездесулер өткен болатын. Арадағы экономикалық байланыстарды осы мәдени іс-шара бекіте түсті. Қызылорда облысының Еуропа мемлекеттеріндегі өнер күндерінің алғашқы концерті «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен Финляндияның Хельсинки қаласында өтті. Іс-шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдраимов ашып, сахна төрінен осы мерекелік кешке қолдау білдірген Нұрлыбек Машбекұлына арнайы алғысын жеткізді. Концертті Еуропаның 10 мемлекетіндегі…

Read More