Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстандық шаруашылықтар биыл 25 000 бірлік техника сатып алды
Жаңалықтар

Қазақстандық шаруашылықтар биыл 25 000 бірлік техника сатып алды

21.11.2025391 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан аграрлық сектордың тиімділігін арттыру жолында машина-трактор паркін жаңғырту жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саланың әлеуетін арттыру мақсатында техниканы жаңарту және өндіріс процесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бағытта негізгі құралдың бірі инвестициялық субсидиялау. Онда басымдыққа байланысты 15%-дан 30%-ға дейін сатып алынған техника құнының бір бөлігін өтеу көзделеді. Қосымша мемлекет кредит пен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені басым техникалар бойынша 6%-ға дейін, басқа түрлері бойынша 15%-ға дейін субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%, лизинг мерзімі 7 жылға межеленген жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жалғасуда. Бұл бағытта 2025 жылға 250 млрд теңге бөлінген. Аталған шаралардың нәтижесінде машина-трак ор паркін жаңарту қарқынды өсіп, көрсеткіш 6,5%-ға жетті.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ деректері бойынша былтыр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 228,5 млрд теңгеге 10,5 мың дана техника сатып алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37%-ға артық. Әсіресе өздігінен жүретін техникаларға сұраныс артып, 4729 дана (+66% 2023 жылмен салыстырғанда) трактор, 924 дана (+80%) комбайн алынған.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 255,0 млрд теңгеге 10 100 дана техника лизингке берілді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

Жалпы, 2025 жылы қазақстандық шаруашылықтар 25 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл сұраныстың тұрақты өсімін және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсетеді. Мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласына мультипликативтік әсер беріп отыр.

Республикада өздігінен жүретін техника өндіретін 10 зауыт бар. Трактор, комбайн, бүріккіш және басқа да техника түрлерінің өндірісі жолға қойылған.

Қазақстан сонымен қатар әлемдегі жетекші брендтер — John Deere және CLAAS техникасын құрастыру алаңына айналды. Нәтижесінде отандық өндірушілер тракторлар мен комбайндар бойынша ішкі нарықтың 90% қажеттілігін қамтамасыз етіп, саланың технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды

21.11.2025120 Views

2025 жылы қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 692 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақылар төленді

21.11.2025421 Views

Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделін қалыптастыруда

21.11.2025224 Views
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды

21.11.2025

2025 жылы қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 692 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақылар төленді

21.11.2025

Қазақстандық шаруашылықтар биыл 25 000 бірлік техника сатып алды

21.11.2025

Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделін қалыптастыруда

21.11.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Никол Пашинян келіссөз жүргізді

21.11.2025

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.11.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

21.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.